Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоршаған орта

06 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ
Экология негіздері
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта
Тақырыбы: Қоршаған орта
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін ашу, қыс мезгілінің сұлулығын, әсемдігін сезіну, талғамын жетілдіру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру
Міндеттері: Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру, өзін қоршаған ортаны таныту.
Шаттық шеңбері
Армысың шапағатты Күн - ана!
Армысың қайырымды Аспан - ана!
Армысың мейірімді Жер - ана!
Құт дарыт бар әлемді жарылқа!
Әңгімелесу: Балалар, біз бүгін ерекше сабақ өтеміз. Айналамызға қарайықшы біз қайдамыз, бізде не қоршаған? Біз табиғатқа саяхатқа шығайық. Қане, көзімізді жұмайық. Сыртқа шығайық бір, екі үш. Ал, енді көзімізді ашайық айналамызға көз тастайық. Айналамыздан не көріп тұрмыз? Балалардың жауабы:
Айналада қар, ағаштар, аспан бұлтты.
Балалар біз табиғатты, бізді қоршаған табиғатты тірі табиғат және өлі табиғат деп бөлеміз. Тірі табиғатқа адамдар жануарлар, жәндіктер жатады, ал өлі табиғатқа тау, тас, су, өсімдік жатады.
Біздің айналамыздағы табиғат ол бізді қоршаған орта.
Ал енді сергіту жаттығуын жасайық
Топта қоңыз ұшады
Ж ж ж әнге салады,
Оңға қарай ұшады,
Солға қарай ұшады
Алақанды жаямыз,
Алақанға қоңызды қондырамыз
Қоңызды уф-уф деп ұшырамыз
Ал енді табиғат туралы білетін тақпақтарымызды айтып берейік.
Жанар:
Табиғат, табиғат,
Тамаша ғой табиғат
Табиғатта ойнаймыз
Гүлдей өсіп жайнаймыз
Еркеназ:

Гүлдер, гүлдер көктесін
Көбелектер көп келсін
Ақ қанатты көбелек
Бақшамыздан кетпесін
Ақниет:
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!
Ағаш көлеңкең үшін рахмет!
Жер саған жомарттығың үшін рахмет!
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Таза ауа саған рахмет!
Табиғат сұлулығың үшін рахмет!
Құстар, тамылжыта салған әндерің үшін рахмет!
Жанерке:
Көше бойы аралас
Қаптап өскен қарағаш
Жемісі жоқ болса да
Саясы көк дара ағаш.

Дәулет:
Табиғатты аялаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүлдерді жұлмаймыз
Айналаны ластамаймыз.
Табиғатты сүйеміз.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар көзімізді жұмып, бөлмемізге оралайық. Бір, екі, үш көзімізді ашайық.
Енді мына ағаш үйде бір зат бар, қандай зат болуы мүмкін, ойланып көріңдерші. Жарайды ендеше мына ағаш үйдегі заттар тірі табиғатқа жата ма, әлде өлі табиғатқа жата ма соны кім айтып берер екен? Қолымызды салып, алып затты атаймыз. Дұрыс айтқан балаға сыйлық бар.
Біз табиғаттан алған әсерімізді қағаз бетіне түсірейік, мен сендерге табиғат суретін салып әкелдім, сендер бірігіп осы суретті су бояумен бояңдар. Ал қане қыс мезгілінде өзімізді қоршаған табиғатты суреттейік.
Балалар дайын суретті бояйды.
Ал балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Естеріңде қалған ерекше не болды?
Балаларды мадақтау. Ұсақ ойыншықтар тарату.
26 484
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Экологиялық кітапхана»
«Экологиялық кітапхана»
Мақсаты: Балалардың табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат тазалығын сақтауға оны қорғауға үйрету. Қоршаған ортадан экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Мақал - мәтел, тақпақтар, тыйым сөздер, ой - өрісін дамыта отырып, сүйіспеншілігін
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Біздің айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Біздің айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Адам мен табиғаттың бір - бірінсіз тіршілік ете алмайтыны туралы түсініктерін дамыту, адамның табиғатта тіршілік ететіні туралы мағлұмат беру. Табиғатты өз үйіндей көру қажеттігі туралы түйсігін тәрбиелеу: оған қамқор болу керек, қорғау қажет,
Бізді қоршаған орта
Бізді қоршаған орта
Шымкент қаласы, № 97 «Ақмарал» бөбекжай - балабақша тәрбиешісі: Кеутаева Жаннат Әшірәліқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Тірі табиғат (экология)
Тірі табиғат (экология)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×