Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дені саудың - жаны сау (спорттық шара)

29 наурыз 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Дені саудың - жаны сау (спорттық шара).
Мақсаты: Денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ептілік және жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар бүгін біздің балабақшамызда «Дені саудың - жаны сау» атты спорттық сайыс өткелі отыр. Бұл шара іштегі
Педагогтардың қатысуымен өткелі отыр.
Жүргізуші:
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.
Дей отырып ал енді ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.
1.
2.
Жүргізуші: Ал құрметті жарысқа қатысушы топтар сіздерге сәттілік тілеймін. Сіздер бүгін өздеріңіздің шапшаңдықтарыңызды, ұйымшылдықтарыңызды, ойшылдарыңызды, ептіліктеріңізді көрсететін боласыздар.
Ал құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер. Сайысты бастамас бұрын қара қылды қақ жаратын әділ - қазылар алқасымен таныс болайық. 1. Балабақшамыздың директоры: Баян Орынбасарқызы 2. Медбике:
3. Психолог:
4. Әдіскер:
Жарыс: 10 - бөлімнен тұрады.
1. «топ таныстырулары» әр топ басшылары ортаға шығып, өз тобының атын, ұранын, эмблемасын, таныстырып қорғап өтеді.
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз.

Әр команда дене жаттығуларын көрсетеді.

2. «Кім шапшаң?» кедергілер арасымен жүгіріп, кішкентай допты дәл түсіру.

Валеология - Салауатты өмір сүрудің негізі. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру керек.
Денсаулық - баға жетпейтін асыл дүние. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке құлшына кіріседі.
Ендеше зиянды әдеттерден аулақ болып салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Валеолог маманың дайындаған тапсырмасы денсаулық туралы мақал мәтелді
толықтыр.
1. Тазалық – саулық негізі,
(Саулық – байлық негізі)
2. Денсаулық -(зор байлық)
3. Дені саудың (Жаны сау)
4. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
5. Шынықсаң (шымыр боларсың)
6. Дені сау адам -(дәулетті адам)
7. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
8. Азған денеге (ауру үйір).
9. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады. )
10. Азған денеге (ауру үйір)

3. «Кенгуру» Қаппен межеге дейін секіріп барып жерде жатқан шығыршықты бастан асыра киіп, қайта қаппен топқа дейін секіріп келуі керек.

4. «Такси»Топ басшысы шығыршықты бастан асыра беліне киіп, жүргізуші болып, топтағы ойыншыларды 1 - 1леп аялдамаға тасу керек.

Валеолог мамаңы: «пайдалы дәрумендер» (жеміс жидектердің суретін салу)

5. «Жыланша жүгір» ең алдымен топ басшысы кеглилер арасымен жүгіріп келеді содан соң топтағы ойыншыларды 1 - 1 ден қоса жыланша ирелендеп қолдарын үзбей жүгіріп өту қажет.

6. «Допты түсіріп алма» ойыншылар берілген допты тізелерінің арасына қыстырып секіріп белгіленген орынға дейін жетіп кері қайтулары керек.

7. «Ептілер сайысы» ойыншылардың қолдарына теннисни шарды ракеткамен жоғары соғып кедергілер арасымен жүгіріп айналып командаға кері қайтып келесі ойыншыға беру.

8. «Күштілер сайысы» Соңғы әрі шешуші бөлім. Бұл бөлімде сайыскерлер тобы қарама-қарсы тұрып арқан тартыс ойыныңа қатысады.

9. « Топ басшылар жарысы» бұл бөлім аты айтып тұрғандай топ басшыларының жарысы. Ойын шарты бойынша топтар басшылары ортаға келіп, 30 секунд ішінде жеміс жидекті тауысуы қажет.

Жүргізуші:- Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың қорытындысын шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділ - қазылар алқасына беріледі.
Марапатталады:
1. орын Қыран
2. орын Сұңқар

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда демекші

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі - салауаттылық. «Дені саудың - жаны сау» сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

Атырау қаласының
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай – балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы Бисекешова Зульфия Серікқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 726
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі (ұстаздар арасындағы тренинг)
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі (ұстаздар арасындағы тренинг)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сүлеймен Гүлмира
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның
Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыржақыпова Меруерт
Эстафеталық жарыс
Эстафеталық жарыс
Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Дені саудың-жаны сау
Дені саудың-жаны сау
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×