Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шынықсаң шымыр боларсың

14 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың»
Мақсаты: Балаларға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Салауаттану - адам жаны мен тәнінің тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1 - Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, құрметті тәрбиеленушілер! Бүгінгі «Толағай» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - Жүргізуші: Толағай сайысы - еліміздегі өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Сайысқа үш топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Ән: « Апам үшін күнде де» орындайтындар балапан тобының тәрбиеленушілері.
1 - жүргізуші: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші:
Спорт - денсаулық кепілі десек, «Толағай» сайысы тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына ат салысады, екіншіден сайысқа қатысқан әр топқа рухани және мәдени мереке сыйлайды.
1 - жүргізуші: Ендеше, «Толағай» атты топтық сайыс - спортқа баулиды. Отбасылар арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!
2 - жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 2 кезеңнен тұрады.

1 - кезең. Таныстыру
2 - кезең. «Шынықсаң шымыр боларсың»
1 - жүргізуші: Ал, енді «Таныстыру» кезеңін бастайық!
(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)
2 - жүргізуші: 1 - тур: «Кім жылдам?»
(допты еденге ұрып, келесі тұрған қатысушыға алып барады. Ойын солай жалғаса береді).
1 - жүргізуші: 2 - тур: Кигілей ату.
2 - Жүргізуші: 3 - тур: «кім көп секіреді?»(1минут ішінде)
1 - жүргізуші: 4 - тур: «Эмоцияны немесе іс - әрекетті қайтала!».
(шарды алып отырып жару керек. Шардың ішіндегі эмоцияны түсіндіру керек)
2 - жүргізуші: Ендігі кезекті, бүгінгі сайыста белсенділік танытып отырған белсенді көрермендерге берейік.
Сонымен «Белсенділер» тобымен өткізілетін сайыс:
Қол күрес.
1 - жүргізуші: Мақал - мәтелдер сайысы. Мақалды аяқтау және мағынасын ашу, түсіндіру.
Мақал – мәтелдер
1. Денсаулық -......... (зор байлық)
2. Тәні саудың -.........(жаны сау)
3. Еңбек етсең ерінбей -.......... (тояды қарның тіленбей)
2 - жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы. Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадыда ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылар жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
1 - жүргізуші: Марапаттау рәсімі біздің отбасыларымыздың өнерлеріне тәнті болып отырған әділқазылар алқасына береміз.

2 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі - салауаттылық.
1 - жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік. «Толағай» атты отбасылық сайысымыз осымен тәмамдалды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
18 587
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
«Толағай» отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Закишев Ержан Берікқазыұлы
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Искакова Айнұр Хасенқызы
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×