Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ж», «Ш» дыбыстары. Су торғайы (М. Зверевтің әңгімесі)

22 қаңтар 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ж», «Ш» дыбыстары. Су торғайы (М. Зверевтің әңгімесі).
Мақсаты: әңгімені оқып, сұраққа жауап беруге үйрету, шығармашылығын, дыбыстарды дұрыс айта білуін дамыту, құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу.
1. Білімділік: балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін бекіту.
2. Дамытушылық: құстар туралы ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, демонстрациялық құрал, интерактивті тақта.
Сөздік жұмыс: шыбыш.
Билингвальді компонент: мұз – лед, жабайы құстар – дикие птицы.
Балалар залға саппен кіреді.
Амандасады.

Шаттық шеңбері:
Сүйейік табиғатты аялайық,
Бізде одан жақсылықты аямайық.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз.
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Балалар, бізге Жұмбақбай ата келіп, жұмбақ жасырады, шешеміз бе, жұмбақ.
Балалар атамен амандасады.
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ (Қарға)

Шарлап жүріп даланы
Үйіңе үйін салады. (Қарлығаш)

Жатыр суды жастанып
Ай астында ақ мамық (Аққу)

Мысық құлақты,
Бүркіт тұяқты. (Үкі)

Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)

Тоқылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап
Орманды емдейді
Зиянкесті жазалап. (Тоқылдақ)
Жұмбақбай ата: Балалар, қазір аулаларыңнан қай құстарды көріп жүрсіңдер? Оларға қамқорлық жасап, жем, нан, үгінділерін сеуіп жүру керектігін ұмытпаңдар.
Тәрбиеші: Алдын - ала жасалған жұмыс арқылы балалардың назарын тақтаға аударту. Суреттер арқылы сұрақтар қою.
- Балалар сіздер қыстап қалатын құстарды білесіздер ме?
- Иә, карға, торғай, көгершін, тоқылдақ.
- Бідер қыстап қалатын құстарға не дайындадық балалар?
- Біздер жемсауыт дайындадық, оны өзіміз жасап, ағашқа ілдік және ішіне жем салдық.
Балалар, біз бүгін құстар туралы жұмбақтарды жасырып және оларға жасалатын қамқорлық туралы бекер айтқан жоқпыз. Өйткені мен сендерге жазушы М. Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімесін мәнерлеп оқып беремін. М. Зверев жазушы, ол табиғат туралы, құстар, жәндіктер туралы көптеген әңгімелер жазған.
Әңгімені мәнерлеп оқып беремін.
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз. Осындай кезде шыр - шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол – қайкы құйрық, кішкентай қара торғай. Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбіне жорғалап, тастардың ара - арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған.
Оны елең қылмастан зыр - зыр жорғалап, баяғысынша әндетумен болады. Бұл қандай ғажап құс? Бұл құсты су торғайы дейді. Ол қысы - жазы бірдей жемін су түбінен табады.

Балаларға мазмұнын видеоролик тамашалау арқылы қысқаша түсіндіру.
Тәрбиеші балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды.
1. Әңгімеде жылдың қай мезгілі айтылған?
2. Әңгіме не туралы?
3. Су торғайын кім сипаттап береді?
4. Су торғайы жемін қайдан табады?
5. Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңейді?
Тәрбиеші әңгіме мазмұнын 5 - 6 балаға қайталап айтқызады. Бірін - бірі жалғастыру арқылы.
- Әңгімеден су торғайы қандай құстарға жатады деп ойлайсыңдар?
Балалар құстар тағы да қыстап қалатын құстар, жылы жаққа ұшып кететін құстар болып бөлінеді. Енді балалар біздер ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Қыстайтын, жылы жаққа ұшып кететін құстарды ажырат». Балалар құстардың суреттері бар үлестірмелі карточкалар арқылы ажыратып белгілейді.
Билингвальды компонент: мұз - лед, жабайы құстар – дикие птицы.
Балалар біздер құстар туралы тақпақтар, мақал - мәтелдер білеміз бе, кім айтады? Балалар тақпақтар, мақал мәтелдер айтады.

Сергіту сәті:
(Сергіту жаттығуларын Х. Талғаровтың «Торғай» өлеңі.
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
- «Ж» және «Ш» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы:
«Ж», «Ш» дыбыстарын айтқанда, ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады. Тіл ұшы жалпақтанып, тістердің түбіне жуықтайды, бірақ тимейді.
«Ш» дыбысын дұрыс естіп, ажыратуға арналған жаттығулар:

1. Ша - ша - ша - шана.
Шу - шу - шу - шуда.
Шы - шы - шы - шыны.
Ше - ше - ше - шелек.
Ши - ши - ши - шие.
Шө - шө - шө - шөп.

2. Аш - аш - аш - ашық.
Ұш - ұш - ұш - ұшқын.
Ыш - ыш - ыш - ыш - қыш.
Өш - өш - өш - көш.
Жаңылтпаш айтқызу – дыбысты дұрыс айтқызуды ұтымды тәсілдердің бірі.
Шемішке шақсаң шақ,
Шапшаң шақ.
Шөбіңді шапсаң шап,
Шапшаң шап.
(Қ. Мырза Әли)
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
(Қ. Мырза Әли)
«Ж» дыбысын буын дыбыс ішінде келтіру.
Жа - жа - жа - жалау
Жо - жо - жо - жоy
Жу - жу - жу - жусан
Жы - жы - жы - жылан
Жи - жи - жи - жиек
Же - же - же - жер
Жә - жә - жә - жәшік
Аж - аж - аж - гараж

Дидактикалық ойын: «Не жақсы, не жаман?»
Ойын шарты: берілген суреттерден не жақсы, не жаман істерді тауып көрсету керек.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі №9 тапсырма бойынша орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді. Суретте көрсетілген балалардың жақсы қылық жасап жатқанын жасылмен, жаман қылық жасап жатқанды қызылмен белгілейміз.

Қорытынды:
- Балалар бүгің мен сендерге не туралы әңгіме оқыдым?
- Әңгіме ұнады ма?
- Ол қандай құсқа жатады?
Жауап берген балалар жұлдызшалармен марапатталады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: әңгіменің тақырыбын және авторын біледі, сұрақтарға жауап береді.
Түсінеді: Құстардың кыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін түрлерін.
Қолданады: «Ж», «Ш», дыбыстары арқылы кездесетін сөздерге мысалдар келтіруді.

Атырау қаласы
№33 «Көркемай» балабақшасы
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Ересек топ тәрбиешісі Шүйншалиева Дамели Симберкиновна
16 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету. Құстар туралы ой - өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
Құстардың қысқы тіршілігі
Құстардың қысқы тіршілігі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі Қоңырова Нағира Аманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×