Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстардың жазғы тіршілігі

23 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстардың жазғы тіршілігі
Мақсаты:
а) білімділік: Барлық тыныс - тіршіліктің қызған кезі жаз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, құстар туралы білімдерін кеңейту, құстардың атын, маңызын, ерекшеліктерін білу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ойлауын, тілін дамыту.
б) тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу. Халық қазынасы мақал, ырым - тыйым, жұмбақ, болжамдарды тиімді пайдалана білу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: Бүктеме, слайдтар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

II. Үй тапсырмасы
1. Оқушылар үйге берілген «Аңдардың жазғы тіршілігі»мәтінін тізбектей оқып, мазмұнын баяндайды.
2. Ойын «Қай аңның баласы?»
3. Үй тапсырмасын қорытындылау. Аңдардың қысқы тіршілігі мен көктемгі тіршілігін салыстыру
4. Жаз мезгіліндегі жабайы аңдар мен мал тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Айырмашылығы неде?

ІІІ Жаңа сабақ
Жұмбақ: Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)
Құстар - пайдалы, адамға дос, бау - бақша, ағаштарды қорғайды, ән салады, сән береді, егінге пайдалы, зиянды құрттарды жояды.

Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
Су бетін сызып,
Ақ құман жүр сүзіп. (Аққу)
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз).
Тақылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті тазалап. (Тоқылдақ)

1. Мәтін мазмұнын түсіндіру.
2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді өзбетілік, тізбектей оқу
Сергіту сәті
Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/
Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/
Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/
Самғап биік ұшады /құсша қанат/

Ұқсастық пен даралық
Құстар:
Жабайы құстар - өздігінен тіршілік етеді, табиғат сәні, орман емшісі
Үй құстары - қолда бағылады, жұмыртқасын, мамығы пайдаланамыз

Ситуациялық сұрақ: Орманда келе жатырсың, ағаш басынан құстың балапаны құлап түсті. Не істер едің?
Ойын «Қай құс?» (Құстардың дауысынан қай құс екенін ажырату)
- Балалар, құстарды қалай қарсы аламыз? (ұя жасап)
«Мұны білесің бе?»
- Сендерге құстар туралы мәліметтер берейін.
Қазақстанда 474 құстың түрі тіршілік етеді. Бұлар сәуір айында біздің өңірге ұшып келеді. Зиянды жәндіктерді құртып, кемірушіні құртып, егін мен орманды, бақты қорғайды. Өсімдік тұқымын басқа жерге таратады.
«Халық болжамдары» - табиғат қорғау дәстүрінің бірі. Оны бекерге айтпаған, тыйым сөздерді де түсіндіріп отырған.

ЖАЛПЫ ҚҰСТАР
— көңілдене сайраса — келер күн ашық;
— үндері тынса, күн күркірейді;
— жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты;
— жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
— жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
— күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
— қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.

І V Бекіту кезеңі:
- Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
V Қорытындылау
Ұйқасқа өлең құрау
------ айтпаймыз,
------ баспаймыз,
------ сатпаймыз,
------ қорғаймыз.
VІ. Балаларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: 1Құстардың жазғы тіршілігі оқу, мазмұндау.
2 Қалаған бір құстың суретін салып келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 320
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дуадақ
Дуадақ
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы түсінік беру. Құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Құстардың тіршілігіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелейді. - Жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің қай айы? - Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады? Жауып тұрған қарлар артындағы сұрақтарға жауап берейік. - Біз немен дем аламыз? - Нені басып жүреміз?
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Балалар, біз бүгін аңдардың көктемгі тіршілігі туралы айтып, сөйлесеміз. Қане, алдымен суретке қарап, аю және киік туралы не білесіңдер? Олар көктемде қалай тіршілік етеді, деп ойлайсыңдар?
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×