Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз Ханшайымның патшалығы

14 қазан 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Күз Ханшайымның патшалығы
Мақсаты: 1) балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; 2) күз уақытындағы табиғаттың өзгерістерін ажыратуға үйрету; 3) табиғатты аялауға, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: балалармен күз туралы ән - тақпақтарды жаттау; күз мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелесу; балалар және ата - аналармен ертеңгілікті өткізуде бірлескен жұмыс жүргізу.
Қатысушылар: ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиеленушілері, тәрбиешілері, кейіпкерлер: Күз Ханшайымы, Бақша қарауылы, Паж, Сентябринка, Қазан - мырза, Мисс Ноябрь.
Барысы
Әдемі безендірілген залға мұңайып Жүргізуші кіреді.
Ж: Амансыздар ма, құрметті қонақтар! Мен өте мазасызданып тұрмын. Бүгін бізде күз мерекесі болу керек, енді ешқандай мереке болмайтын шығар деп ойлаймын. Өйткені, мен таң атқалы балаларымды таба алмай жүрмін. Іздеген жерім жоқ.
Гонгтың қатты дыбысы естіледі де, залға қолында депеша ұстап Паж кіреді. Залдың ортасына тұрып, қолындағы депешаны ашып оқиды.
Паж: «Құрметті «Балауса» балабақшасының тәрбиешілері мен ата - аналары! Сіздердің балаларыңыз Күз патшалығында қонақта. Олар Күз Ханшайымының бұйрығы бойынша күз мерекесін тойлайды!».
Ж: Қалай қонақта? Күз патшалығы деген қай жақта орналасқан? Енді балаларымды қалай қайтарамын? Бізде күз мерекесі болу керек қой. Міне, балалардың ата - аналары да жиналды.
Паж: Егер қаласаңыздар, менімен бірге Күз патшалығына жүріңіздер!
Ж: Ата - аналар! Күз патшалығына барамыз ба? (иә). Барамыз!
Паж: Күз патшалығына жай бара алмайсыздар, сиқырлы сөздер айту керексіздер. «Бір, екі, үш – сиқырлы болсын күш!» деп 2 рет қайталау керексіздер.
Ж: Кәне, ата - аналар, бірге қайталайық (барлығы бірге 2 рет қайталайды).
Сиқырлы дыбыс естіледі, Паж Жүргізушіні қолынан ұстап бір рет айналдырады. Көңілді әуен естіледі, залға балалар кіреді. Орындарына отырады.
Ж: Балалар, мен сендерді жоғалтып алдым ба деп қорқып кеттім. Ал сендер осы әдемі патшалыққа қонаққа келіпсіңдер.
Паж: Әрине, балалар бізбен бірге мерекені тойлайды.
Ж: Қандай мерекені тойлайсыңдар, балалар? (Күз мерекесі).
Паж (қолындағы депешаны ашып): «Күз Ханшайымының бұйрығы бойынша балалар тақпақ - ән айтып, би билеп күз мерекесін тойлау керек!»
Ж: Олай болса, балаларымыз өз өнерлерін көрсетсін
Балалардың тақпақтары
Мұхаммед Ғани
О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып - ап.
М. Нұралы
Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Дәні бітік бидайды,
Құйып жатыр қамбаға.
Жансұлу
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Асанали
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Паж: Тақпақтары керемет екен! Мүмкін балалар ән айта алатын шығар?
Ж: Әрине, балаларымыз ән де біледі!
Ән «Күз келді»
Паж: Әндерін қандай керемет! Патшалықтың барлық тұрғындары естіген шығар!
Ж: Күз мерекесі туралы барлығы естісін! Кәне, балалар, орыс тіліндегі тақпақтарымызды айтып барлығын таң қалдырайық!
Балалардың тақпақтары
Аңсар
Быстро лето улетело,
Перелетной птицей вдаль.
Осень щедро расстелила
Увядающую шаль.
Вимг заворожила взоры
Огневой своей листвой,
Колоском сохревшим в поле,
Пожелтевшею листвой.
Диана
Солнышко усталое,
Скупо греешь ты.
Желтые да алые
Кружатся листы.
В шелесте, да в шорохе
Наш осенний сад.
На дорожках коврики
Пестрые лежат.
Нурай
Если на деревьяъ листья пожелтели,
Если в край далекий птицы улетели.
Если небо хмурое, ели дождик льется,
Это время года осенью зовется!
Санжар
Наступила осень,
Пожелтеле наш сад.
Листья на березе
Золотом горят!
Жел, жаңбырдың дыбысы естіліп, көңілді әуенмен қолында жемістерге толы себетті ұстап залға Күз Ханшайымы кіреді.
КХ: Амансыңдар ма, балақайлар! (балалар амандасады). Мен өз патшалығымды аралап жүрсем, мына жақтан балалардың әдемі дауыстарын естідім. Балақай, біздің қонақтарымыз кім екен?
Паж: Күз Ханшайымы, бұл «Балауса» балабақшасының балалары бізде қонақта. Сіздің бұйрығыңыз бойынша күз мерекесін тойлап отырмыз.
КХ: Дұрыс, дұрыс! Мен де қолым бос келмей, балаларға арнап өзімнің күзгі сыйларымен келдім (балаларға себетті көрсетеді). Менің уақытым келді, күз туралы барлығы естісін. Мен жаңа осы мереке туралы екі тілде естідім, ал тағы тақпақтарды айта аласыңдар ма?
Ж: Әрине! Біздің балалар сондай өнерлі!
Балалардың тақпақтары
Самира
Down! Down!
Down! Down!
Yellow and brown.
The leaves are falling
Over the town.
Диас
Off to school
We go together.
In September, s
Sunny weather.
Қ. Әли
The leaves are falling
One by one.
Summer, s over
School, s begun.
КХ: Керемет, мен туралы ағылшын тілінде де біледі екен!
Ж: Күз Ханшайымы, біздің балаларымыз Сіз үшін би дайындап келді, тамашалаңыз!
Би «Күзгі қолшатыр»
Паж: Алақай, қалай күшті. Менің де билегім келіп кетті. Мүмкін балалар менімен бірге ойын ойнар?
Ж: Мүмкін! Балалардан сұрайық. Балалар, Балақаймен бірге ойнаймыз ба? (Иә).
Паж: Ойын «Жылы - суық» деп аталады. Барлығымыз ортада билеп жүреміз. Содан кейін жаңбыр мен желдің дыбысы немесе жылы күндегі құстар мен судың дыбысы естіледі. Егер де жаңбырдың дыбысы болса, орнымызда отыра қаламыз. Ал құстардың дыбысы болса қолымызды жоғары күннің көзіне көтереміз. Ойынға дайынсыңдар ма? (Иә). Ендеше бірге санайық: «Бір, екі, үш - ойынға түс!»

Күз Ханшайымның патшалығы жүктеу
2 959
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік 1) Трио «Нappy new year» жаңа жылым! әні орындалады. Осы кезде Аяздың дыбысы естіліп (Аяздың есіктің даусы) залға есіктің ашылып жабылған дыбысы естіледі де, ішке Али мен Айя кіреді.
Күз сыйлықтары
Күз сыйлықтары
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Арайлы күз, алтын күз
Арайлы күз, алтын күз
Балаларды күз кереметімен таныстыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Мерейлі күз, мырза күз
Мерейлі күз, мырза күз
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Күзгі орман (ересек тобына)
Күзгі орман (ересек тобына)
Балауса" балабақшасының тәрбиешісі Даниярова Айнұр Шахметқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×