Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз сыйы

15 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер. Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін көріп, адамзаттың нағыз той тойлар шағы емес пе?
- Иә, пішен шабылып, астық орылып, мал жайлаудан түскеннен соң, шаруаның реттелгеніне қуанған халқымыз күзде сабан той жасап жатпаушы ма еді? Сол ізгі дәстүр біздің балабақшамызда жалғасуда. Олай болса «Балапан» тобының «Күз сыйы» деп аталатын ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді
Ай жапырақ - сары алтын
Айналаның бәрі алтын
Жүргізуші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
Күз мезгілінде неше ай бар?
- Қыркүйек, Қазан, Қараша
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қазір соның қараша айы.
Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Күзде күн салқындап, кейде жаңбыр жауып, жел соғады, құстар жылы жаққа ұшып, адамдар жылы киіне бастайды. Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса бәріміз бірге күз туралы тақпағымызды айтып жіберейік.

Дәнге толып қызыл қырман,
Қырман басы қызыл думан
Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің
Молшылық күз - береке күз
Береке күз мерекеміз.
Жүргізуші: Өте жақсы, балалар.
Ал, енді әнге кезек берейік.

Ән: «Қошақан» ( Ән орындалады)
Жүргізуші: Ал, енді тақпақтарға кезек береміз.

Еркеназ:
Армысыздар, халайық
Бармысыздар, халайық
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық.

Ерназ:
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.

Мансур:
Жайдарлы күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен дала,
Дариядай шалқар күз.

Гүлназым:
Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.

Халилулла:
Ақтарады мырза күз,
Уылжыған жемісін
Күзге бізде ризамыз.
Аянбаған ел үшін.

Әділет:
Алтын, сары, қызыл. Көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы
"Жауқазын" мектепке дейінгі бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Сапашева Гулжанат Нұрланқызы

Толық нұсқасын жүктеу
10 781
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
«Күз сыйы»
«Күз сыйы»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер. Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін көріп, адамзаттың нағыз байлығы емес пе?
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Қарсы алайық бәріміз, Жасымызбен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Өлкемізге күз келді
Өлкемізге күз келді
Балаларға күз туралы тақпақ, өлеңдер үйрету, күз молшылық, берекелі, мерекелі мезгіл екенін түсіндіру.
Мерейлі күз, мырза күз
Мерейлі күз, мырза күз
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Жүргізуші: Тырна көкте тыраулап, Қош, қош айтты, «Кеттім» - деп Шөптің басына қыраулап, Күзде келді «жеттім» деп. Құрметті ата – аналар, балалар күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар хормен айтады
Күз тартуы
Күз тартуы
Сахнаға бастаушылар әңгімелесіп шығады. 1 – бастаушы: - Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін жеп, адамзаттың да нағыз той тойлар шағы емес пе?!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×