Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар

18 қараша 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
ІІ кіші «Күншуақ» тобының оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
«21» қараша 2017жыл
Білім саласы: «Таным, шығармашылық»
Кіші сала: «жаратылыстану, сурет»
Ұ. О. Ә. Тақырыбы: «Су өмірдің нәрі», «Аквариумдағы балықтар»
Мақсаты: Балаларға судың адам үшін де, жалпы тіршілік үшін де қажет екендігін түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалану, суды ластауға болмайтындығы жөнінде түсініктерін қалыптастыру. Табиғат байлығына қамқор бола білу дағдыларын жетілдіру. Аквариумда жүзіп жүрген балықтар суретін салу, дәстүрден тыс сурет салу дағдысын қалыптастыру, ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекі құралдар: слайд, суреттер, картоп, гуаш бояуы, сүлгі және т. б.
Әдіс тәсілдер: көрсету, үйрету, сұрақ - жауап, жаңа технологияны қолдану, бастырма әдісін үйрету.

Мотивациялық қозғаушы
1. Шаттық шеңбер
Ал, қанекей, тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап,
Оңға, солға бір қарап,
Жүзіп - жүзіп алайық.

Іздену ұйымдастырушы Тәрбиеші: балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші: Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Балалар, таңертең балабақшаға келсем, маған тамшы келіп жылады.»Балалар кранды жабуды ұмытып, бүкіл су ағып кетті» деді. «Біздің топта ондай балалар жоқ, біз суды сақтаймыз, бетімен төкпейміз»дедім мен оған.

Тамшы қуанып күліп, «Су туралы не білесіңдер?»деп сұрайды.
Балалар, су туралы айтып береміз бе?
Тамшы: су адамдарға не үшін қажет?
Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
«Судың қасиеті»зерттеу жұмыс
Барлық балалардың алдарында стақанда су тұрады. Тәрбиеші сұрақтар қояды:
Судың түсі қандай?
Судың дәмі бар ма?
Судың иісі бар ма, суды иіскеп көрейікші?
Екі ыдыстағы судың біреуіне қант, екіншісіне тұз салғызып, дәмінің қандай болғанын анықтатады (өзі татып көреді).
Тәрбиеші стақандағы суды екінші стақанға құйып қандай дыбыс шыққанын аңғартады.
Су құйылады, су қандай
Су аққанда қандай дыбыс естіледі?

Ия жарайсыңдар.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз, жуынамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
Сергіту жаттығуы
- Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.
«Жаңбыр жауды»
Енді балалар осы суда нелер мекендейді?
мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.(Балық)
Ия дұрыс айтасыңдар балықтар суда мекендейді.
Слайд көрсету(Балықтар)
Сұрақ - жауап:
Балалар балықтар суда не істейді?
Олар қандай қимыл жасайды?
Біз оларды қалай күтеміз?
Енді балалар осы аквариумдағы жүзіп жүрген балықтар суретін саламыз.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар мен сендерге аквариум салып дайындап қойдым енді бұның ішіне не жетіспейді? Біз балалар бұл аквариумға балықтар суретін саламыз.
Дәстүрден тыс сурет салу техникасын балаларға түсіндіру.
Бірінші қолымызға картопты алып бояуға батырып, алдымызда тұрған ақ қағаздан жасалған аквариумның ортасына картопты бастыртамыз.
Балаларды мадақтау.

МКҚК «Нұрбөбек» ясли – бақшасының
Өткізген тәрбиеші: Байдалиева. Л. Ж.

Су өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар. жүктеу
2 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат бұрышы
Табиғат бұрышы
Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді бақылату арқылы олардың құпия сырлары мен тіршіліктері туралы түсінік беру
Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер
Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктер
Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімідіктер туралы түсінік беру. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту.
Теңіздегі кит
Теңіздегі кит
Мақсаты: Кит туралы түсінік беру. Бояуды дұрыс таңдауға, дәстүрден тыс әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, китті бейнелеуге үйрету. Қоршаған ортаны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Су мен ауа
Су мен ауа
Балаларды су мен ауаны жан - жақты таныстыру. Табиғат құбылыстары туралы айтып, түсіндіру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Іскерліктерін дамыту. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балабақша тәрбиешісі: Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×