Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті лақ ертегісі

09 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Жеті лақ ертегісі
Мақсаты: Әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып, қимыл арқылы көрсетуге үйрету; дауыс ырғағын, дауыс көркемділігін дамыту; ертегіні сахналауға үйрету; үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері.
Рөлдерде ойнайтындар:
Жүргізуші, тәрбиеші: Зәмзәгүл Амангелдіқызы
Ешкі - тәрбиеленуші Алимахун Асемай
Қасқыр – тәрбиеші Асем Изатқызы
Лақтар – тәрбиеленуші Абуғали Адия, Шаймұрат Айару, Ғаниқызы Ханифа.
Аңшы – тәрбиеленуші Жомарт Нұрлыбек.
Жүргізуші: З. А. Балалар, ертегімізді бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия, дайынбыз.
Жүргізуші: I Басында екі таяғы бар.
Төрт аяғы бар
Адам деуге болмайды
Сақалы тағы бар (ешкі)
II Тастан тасқа секірген
Ұзын салпақ құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім біледі? (лақты).
III Алыстан сезіп ел ішін,
Көк төбегім ұлып тұр
Бірақ малдың өрісін
Қияннан – ақ біліп тұр. (Қасқыр)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Енді балалар, денемізді бір сергітіп алып, ертегімізді тамашалайық.

Сергіту сәті: Тіктеп титтей құлағын
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Лағым секіріп жүреді.
Жүргізуші: Баяғы заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы бар екен. Олардың үйі орманның шетінде орналасыпты. Ешкі лақтарына азық әкелу үшін күнде орманға кетеді екен. Үйінен шығып бара жатып
Ешкі: Қарақтарым, шырақтарым есікті ешкімге ашпаңдар, әйтпесе сендерді қасқыр алып кетеді.
Жүргізуші: - Деп, кетеді екен. Бір күні орманға кеткенде, үйіне қасқыр келіп, есігін қағады. Бірақ лақтар есікті ашпайды. Үйге кіре алмаған қасқыр тасаға тығылып, ешкінің келуін күтеді. Бір кезде ешкі келіп:
Ешкі: «Қарақтарым, шырақтарым, мен сендерге азық алым келген аналарыңмын есікті ашыңдар»,
Жүргізуші: - дейді.
Лақтар: Алақай, алақай анамыз келді
Жүргізуші: Лақтар есікті ашып, ешкі үйге кіреді.
Жүргізуші: Ертесіне ешкі орманға кеткенде қасқыр үйдің есігін қағып:
Қасқыр: «Қарақтарым, шырақтарым, мен сендерге азық әкелген аналарыңмын».
Жүргізуші: - дейді қасқыр.
Лақтар: Алақай, алақай анамыз келді.
Жүргізуші: Лақтар есікті ашады. Қасқыр үйге еніп лақтарды алып кетеді.
Қасқыр: - р, р, р.
Лақтар: - мә, мә, мә, мә.
Жүргізуші: Тек кішкентай лақ қанапештің ішіне тығылып, аман қалады. Ешкі оралғанда лақтарды таппай қайғырады.
Ешкі: мә, мә, мә, мә лақтарымды қасқыр әкетіпті, енді қайттім!
Жүргізуші: Сол кезде пештен кішкентай лақ шығып, болған жағдайды анасына айтады.
Лақ: мә, мә, мә, ана сіз орманға кеткенде, үйге қасқыр келді, біз сіз екен деп, есікті ашып жібердік. Қасқыр балаларды алып кетті.
Жүргізуші: Ешкі тездетіп аңшыға жолығып, лақтарын құтқаруды өтінеді.
Ешкі: Аңшы өтінемін, менің балаларымды қасқыр алып кетіпті, құтқаршы.
Аңшы: жарайды, құтқарам.
Жүргізуші: Аңшы қасқырды тауып алып, лақтарды үйлеріне алып кетеді. Ешкі мәз болып, балаларымен ұзақ өмір сүріпті.

Жеті лақ ертегісі. жүктеу
22 955
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Қасқыр мен жеті лақ ертегісін естеріне түсіру, тіл байлықтарын молайту. Ертегінің мазмұнын дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Мен тәрбиешіммен мақтанамын
Мен тәрбиешіммен мақтанамын
Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Ақ тиін мен қасқыр
Ақ тиін мен қасқыр
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Балаларды ертегіні сахналауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің жүріс - тұрысын, дауыс ырғағын келтіруге өлең -
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Қош бол,балабақша
Қош бол,балабақша
«Қош бол,балабақша»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×