Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен тәрбиешіммен мақтанамын

17 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Мен тәрбиешіммен мақтанамын»

Мақсаты: Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Үлгілі тұтар тәрбиеші болып, инабатты да ибалы, парасатты да өнерлі бүлдіршінді қалыптастыру. Балаларды мейірімділікке, тәрбиешілердің өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу.

(Зал әдемі безендірілген. Алдын ала көрермендерге фишкалар таратылады. )
Жүргізуші: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен,
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен -
Ол тәрбиеші апайым - дей отырып, құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі «Мен тәрбиешіммен мақтанамын» атты тәрбиешілермен, тәрбиеленуші бүлдіршіндердің сайысына қош келдіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын шарттарымен таныстырып өтейін. Бұл сайыстың бір ерекшелігі әділқазы деген болмайды, сайыскерлерімізді көрермендер, яғни сіздер бағалап, қай сайыскерлер ұнады соған дауыс бересіздер. Осы залға келерде сіздерге фишкалар берген болатынбыз. Қазір сайыс соңында өздеріңізге ұнаған сайыскерлерімізге дауыс беріп, мына жерде тұрған ыдыстарға қолдарыңыздағы фишкаларды саласыз. Сайыскерлер қазір өздеріне ұнаған түстерін таңдайды, мұқият түстерін жаттап алыңыз.

Жүргізуші: Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы тәрбиеші апайлар мен бүлдіршіндерді шақырайық. (көңілді әуен ойнап сайыскерлер ортаға шығады.)
1. Тәрбиеші - Мақпал Оразқызы, тәрбиеленуші Назерке Сұңғатқызымен
2. Тәрбиеші -
3. Тәрбиеші -
4. Тәрбиеші -
5. Тәрбиеші -

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер мына жерден өздеріңіз ұнатқан түсті таңдап алып, артын қараңыздар. Сіздердің реттік нөміріңіз берілген.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
І кезең - «Танысып біз алайық» (бірге таныстыру)
ІІ кезең - «Үй тапсырмасы» (бірге үйден дайындаған қол өнер немесе тағамның жасалу жолын слайд арқылы көрсету және алып келу )
ІІІ кезең - «Ән шырқайық қосылып» (бірге ән орындау)
ІY кезең - «Би билейміз бұралып» (би билеу)

Ендеше, сіздерге сәттілік тілеймін.

Жүргізуші: Беташарын сайысымның бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырсын өздерін,
Сайыскерді ду қол соғып қостайық.- дей келе «Танысып біз алайық» кезеңіне берміз. Сайыскерлер өздерін таныстырсын.
(Таныстыру)
Жүргізуші: - Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл кезең істің бәйгесі,
Кім жүйрік ғана сол алда – «Үй тапсырмасы» кезеңіне береміз. Үйге тапсырма берілген болатын тағам пісіру, не болмаса қолөнерді екеуі бірге жасап жасаған сәттерін слайд арқылы көрсетіп таныстыру.

Жүргізуші: Ән - көңілдің ажары,
Думан тойдың базары.
Әнге аусын бір мезет,
Көпшілік қауым назары - деп келесі кезекті «Ән шырқайық қосылып» кезеңіне береміз.
(Әндерін орындайды.)
«От улыбка» әні Орындайтын: Мақпал Оразқызы, Назерке Сұңғатқызымен
«Жас дәуірдің түлегіміз» Орындайтын: Элеонора Болатқызы, Інжу Ержанқызымен
«Анашым қартаймашы» Орындайтын: Сәндеш Дүйсекенқызы,
Жанель Ізімқызымен
«Құттықтаймын мама» Орындайтын: Жангүлім Сағидоллақызы, Нұрсана Мұратжанқызымен
«Қошақаным» Орындайтын: Құндызай Сейфуллина, Гүлназ Біржанқызымен

Жүргізуші: Көйлегінің желегін
Желбіреткен өренім.
Дөңгелетіп билеңдер
Өрлей берсін өнерің. – деп соңғы кезең «Би билейміз бұралып» сайысына береміз.
(Билерін билейді)
«Үнді» биі Орындайтын: Мақпал Оразқызы, Назерке Сұңғатқызымен
«Өзбек» биі Орындайтын: Элеонора Болатқызы, Інжу Ержанқызымен
«Украйн» биі Орындайтын: Сәндеш Дүйсекенқызы,
Жанель Ізімқызымен
«Буратино» биі Орындайтын: Жангүлім Сағидоллақызы, Нұрсана Мұратжанқызымен
«Жалқаубек» биі Орындайтын: Құндызай Сейфуллина, Гүлназ Біржанқызымен

Жүргізуші: Құрметті қонақтар әне - міне дегенше сайысымызда аяқтала бастады. Бүгінгі тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің өнерлеріне тәнті болдық. Енді бағасын беріп, дауысқа салатын кезде келіп жетті. Сіздердің дауыс берулеріңіз аса маңызды.
Марапаттау

Жүргізуші: Ән көмейден құйылды,
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді - дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назар аударып тамашалауға келгендеріңізге көптен - көп рахмет.
Қош сау болыңыздар!
4 586
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Ақтөбе қаласы, К. Нокин ауылы Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Нұрлыгүл Шауқымқызы
Жапырақ тамырдан нәр алады                                                 Ата-аналар сайысы.
Жапырақ тамырдан нәр алады Ата-аналар сайысы.
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Ж. Оразова
Ең сүйкімді бүлдіршін
Ең сүйкімді бүлдіршін
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Қош бол,балабақша
Қош бол,балабақша
«Қош бол,балабақша»
Ана - бақыт, қыз - гүл
Ана - бақыт, қыз - гүл
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Тныбекова Гульшара Апураевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×