Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бүгін бізде туған күн

13 наурыз 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақшада туған күнді өткізу
«Бүгін бізде туған күн»
Мақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту.
Балаларды адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойындар,
тақпақтар, өлеңдер айтқызу.
Құтты болсын шаттық туған күнің
Сен өмірге келген күн мына бүгін
Есігін бұл дүниенің өлеңдетіп
Ашқан күнің, іңгәлап жатқан күнің!
Адам өміріндегі аяулы сәттердің бірі жарық дүние есігін ашып осы өмірге келген күні туған күн деп аталуы да осыдан шығар. Кешегі кішкентай сәбилеріміз бүгінде ер жетіп, бой жетіп, біздің балабақшамызда тәрбиеленуде.
Ендеше сол қуаныш иелерін әуенмен ортамызға қарсы алайық!
Құтты болсын, туған күнің бүгінгі
Азамат боп өсіңдер қорғайтын еліңді
Арнаймыз ән - жырдың барлығын
Құттықтап біз бүгін сіздерді

Жүргізуші: Құттықтау мен сыйдың
Иесі мынау гүлдің
Айтыңдаршы балалар
Туған күні кімнің
Балалар бүгінгі туған күн иелеріне тағыда бір қол соғып, қошемет көрсетейік!

Жүргізуші: Ендеше балалар бәріміз бірге туған күн иелерін құттықтайық, кәне бәріміз бірге «Туған күндеріңмен!» деп 3 рет 3тілде айтайық.
Туған күн иелерін құттықтауға «Қарлығаш», «Ақжелкен» ересектер тобының балаларын достарына тілек айтуға ортаға шақырайық.
Музыка әуенімен залға Сайқымазақ көңілді кіреді, қолында шарлары бар:
– Ой мұнда не болып жатыр, неге бәрің әдемі көңілдісіңдер, бәрің қуаныштысыңдар ғой?
Балалар:
- Бізде туған күн болып жатыр.
Сайқымазақ:
- Ой қандай керемет менде туған күн тойлағым келеді, менде сендермен болайыншы.
Жүргізуші: Балалар, Сайқымазақты қосамыз ба?
Балалар: иә

Жүргізуші: Олай болса, қош келдің Сайқымазақ, Кел бізге қосыл, біздің балалармен бірге ән айтып, бірге би биле.
Ән «Бүгін сенің туған күнің»

Бүгін сенің туған күнің
Бетіңді мөлдір сумен жуған күнің
Қадірлейміз әр жылда бұл күніңді
Құтты болсын, Құтты болсын туған күнің

Жайнасын өмірлерің әр күн сайын
Аспанда тұрсын күн мен айың
Сайқымазақ: Ой қандай өнерлі балалар, маған сендердің әндерің ұнады. Енді сендермен бірге ойын ойнағым кеп тұр.
Ойын «Кім жылдам»

Сайқымазақ: Рахмет, балалар, қандай керемет ойнайсыңдар, менің көңілім көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Сайқымазақ, біздің балаларымыз шетінен өнерлі балалар. Қазір ортаға биші балаларды шақырайық.
Үнді биі
Ойын: «Кедергілерден өту»
.
Ән: «Бал балалық.»
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз туған күн иелеріне арнап тілектерімізді айттық, енді тақпақтарымызды айтайық.
Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Туған күнін достардың
Бірге қарсы аламыз - Нұрзада

Туған күнін достардың
Зор қуаныш көреміз.
Ортаға алып би билеп.
Ән де салып береміз.- Айбол

Туған күнді тойлаймыз.
Қызықты ойын ойнаймыз.
Қолдан жасап ойыншық
Досымызға сыйлаймыз Аяжан
Ойын: «Сыңарын тап»
Балалар біздер ойын, ән тақпақтар айттық. Енді ата - аналарымызбен ойын ойнайық.
Ойын: «Кеңгру»

Аспазшы: Балалар мына жерден ешкім өткен жоқ па, ешкімді көрмедіңдер ме? Мен әзірлеп жатқан тортым жоғалып кетті. Туған күнді тортсыз қалай өткіземіз. Енді не істейміз?

Жүргізуші: Аспазшы сабыр етіңіз. Қазір бәріміз бірге іздейміз. Сиқыршыға хабарласайын.
Алло сиқыршы бізге сіздің көмегіңіз қажет. Балалардың туған күндеріне арналған торт жоғалып кетті. Соны тауып беріңізші.

Жүргізуші: Сәлем сиқыршы қош келдің.
Біздер туған күн тойлап жатыр едік аспазшының
балаларға арнап дайындап жатқан торты жоғалып кетті.
Сиқыршы: Достар көңілдеріңді түсірмеңдер. Қазір мен
өз сиқырымның көмегімен көңілдеріңді
көтерем.
Сиқыршы: Абрака дабрака.
Торт шығады.
Құттықтаушы: Міне сиқыршы бізге торт сиқырлап берді.
Туған күн иелерін ортаға шақырайық. Енді
Бәріміз үрлейік.

Құттықтаушы:
Туған күнің құтты болсын балақай,
Қуаныш пен шаттық бағын аралай,
Ата - анаңның сүйікті ұл мен қызы боп,
Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.

Бүгін бізде туған күн. жүктеу
30 237
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған күнің құтты болсын, балақай!
Туған күнің құтты болсын, балақай!
Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту. Сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.
Көңілді туған күн (көңілдендіру іс-шарасы)
Көңілді туған күн (көңілдендіру іс-шарасы)
Балаларды көңілді іс - шараға белсене қатысуға баулу, өлең - тақпақтарды мәнерлеп айтуға, ырғақты тыңдап орындауға үйрету, көңілді мерекелерде көңілді, жағымды көңіл - күй сыйлауға, достыққа тәрбиелеу.
Сен алтыға толған ұл
Сен алтыға толған ұл
Шарықтай бер болашаққа, қанат қақ та, самға бір, Алаңсызсың бала шақта, әр күн құяр жанға нұр. Ата-әженің, әкесінің, анасының шаттығы, Сенің бүгін туған күнің - сен алтыға толған ұл. Бірде қиқар, бірде ойынпаз, ал таңғалтар бір ісі, Әр ісіңнің
Мұқағали атама
Мұқағали атама
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Пірімов ауылы, Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебінің 7 – сынып оқушысы Қожамберген Айзере
Туған күнің құтты болсын, балақай!
Туған күнің құтты болсын, балақай!
Ақтөбе обылысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Сыйластық деген не?
Сыйластық деген не?
Бастауыш сынып мұғалімі: Достыбаева Айсамал Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×