Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған күнің құтты болсын, балақай!

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Туған күнің құтты болсын, балақай!
Ойын - сауық кеші
ҰОІӘ - ің мақсаты: Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту. Сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, ойын, тақпақтар, билеу, саусақ маторикасы, өлеңдер айту.
Керекті құралдар: үнтаспа, шарлар, теледидар, әдемі торт, майшамдар, жұмсақ ойыншықтар, доптар, қыстығыштар, шелектер, жеміс - жидектер;
Ойын - сауықтың барысы:
Шаттық шеңбер
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз!
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, ризамын! Қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Алақай – ау, алақай!
Айтыңдаршы балақай,
Тобымызда бүгін,
Туған күні бүгін,
Туған күні кімнің?
Толысады ойымыз,
Азаяды ойынымыз.
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз.
Туған күн иелерін төрге орындыққа шақырамыз. Қанекей балалар барлығымыз қол шапалақтап, қошемет көрсетейік. Батыр, Иманнұр, Дилана, Дария, Мөлдір, Нұрғалам.
Балалар: Туған күндеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Әрдайым күлімсіреп жүрсін жүзің
Жасыңа жас қосылып өсе берші,
Өмір саған әрқашан төксін нұрын – дей келе балаларымыз достарына өздерінің тілектерін білдірсін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 146
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Туған күнің құтты болсын, балақай!
Туған күнің құтты болсын, балақай!
Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту. Сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.
Бүгін бізде туған күн
Бүгін бізде туған күн
Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту.
Бақытты балалық шақ /әдеби - музыкалық монтаж/
Бақытты балалық шақ /әдеби - музыкалық монтаж/
«Ақбота» балабақшасы Қайрғалиева Бағдагүл
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Сыйластық деген не?
Сыйластық деген не?
Бастауыш сынып мұғалімі: Достыбаева Айсамал Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×