Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер еліне саяхат тренинг сабақ

18 маусым 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Ертегілер еліне саяхат» тренинг сабақ
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасын айыра білуге, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Балалар бүгінгі көңіл – күйлерің қалай? Көңіл – күйлеріңді жақсарта түсу үшін бір тамаша ән тыңдайық.
«Ертегілер әлемі» әнін тыңдау.
- Балалар ертегілер әлемі қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
- Ертегілер әлеміне барғыларың келе ме?
- Ендеше балалар, барлығымыз шеңбер құрып, сиқырлы сөздер айтсақ әп сәтте ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ боламыз.
- О, қандай ғажап, міне біздер ертегілер еліндеміз. Ертегілер елінің есігі бізге айқара ашылды. Бірақ ертегілер елін ашу үшін, бірнеше тосқауылдан өту керек, дайынбыз ба?
- Балалар, ендеше бәріміз тапсырманы біріге орындап, кезеңдерден жылдам өту үшін, топқа бөлінейік.
Оқушылар түрлі – түсті ленталар арқылы екі топқа бөлінеді: «Білгіштер», «Тапқырлар».
Топқа бөлу. «Шатасқан әріптер». Мұнда шатасып қалған әріптер қойылады, ал сендер оны дұрыс орналастыру керексіңдер. Сол кезеңде табылған сөз, ол сіздердің топтарыңыздың атаулары.
Бірінші кезең: «Жалғасын тап». Ертегі әлеміне еніп, белгілі бір ертегінің бастауын тыңдап, өз ойларынан оқиға желісін жалғау.
Екінші кезеі: «Бейнелейік көркем» деп аталады. Оқушылардың көңіл – күйін көтеріп, сергіп алу мақсатында тіспен қылқалам ұстап, акварельмен шарды жарғанда шығатын суретті бейнелеу.
Үшінші кезең: «Жылдам болсаң тауып көр» деп аталады. Бұл кезеңде ертегілердің суреттері қиық ретінде беріледі, соны (мозайка) құрастырып шығу керек.
Төртінші кезең: «Ертегі - менің әлемім» деп аталады. Осы кезеңдер барысындар оқушылар мозайка бойынша құрастырылған ертегілерді ролге бөліп сомдап, өз өнерлерін ортаға салады.
«Тышқанның ақылы» ертегісі
Бір заманда тышқандар жиналып мысықтан қалай құтылудың амалын ойластырады. Ұзақ әңгімеден кейін бір тышқан:
- Мысықтың мойнына қоңырау тағып қою керек. Сонда оның келе жатқаны алыстан естіледі. Ал, біз інге тығылып үлгереміз, - деп ұсыныс жасайды.
Барлығы:
- Табылған ақыл екен! – деседі.
Сонда манадан бері үнсіз отырған кәрі атжалман:
- Жарайды, мысықтың мойнына қоңырау тағу керек делік. Ал, сонда қоңырауды кім барып тағады? – деген екен.
«Жолбарыстың баласы мен лақ» ертегісі
Жолбарыстың баласы мен ешкінің баласы тау бөктерінде кездесіп қалып, күні бойы бірге ойнап асыр салады. Кеш батқан кезде олар үйлеріне тарайды. Жолбарыстың баласы өз анасына келіп:
- Мен бүгін кішкентай лақпен бірге сондай жақсы ойнадым! Өте көңілді болды! – дейді.
Жолбарыс:
- Сен не деген ақымақ едің! Сен өз әкеңе лайық емессің! Сен ол лақты өлтіруің керек еді. Сол жерде біз оның қанын ішіп, етін жейтін едік. Ертең таңертең оған бар. Оны алдап, оған “Кел, ойнайық!” деп орманға қарай алып жүр. Содан кейін тұншықтырып осында алып кел. Нағыз жолбарыстар, міне, осылай жасайды! – дейді.
- Жақсы, – деді жолбарыстың баласы, — мен дәл солай жасаймын.
Лақ та өз анасына келіп:
- Анашым, мен бүгін кішкентай жолбарыстың баласымен сондай тамаша ойнадым! – дейді.
Дайындаған: Ілияс Ә. Н. – психолог

Ертегілер еліне саяхат тренинг сабақ. жүктеу
3 859
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Сахналалық көрініс қоя білу, таңдап алған рөліне еніп, ойнауға жаттықтыру.
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Ертегілер әлемі
Ертегілер әлемі
Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, драмалық қойлымды ойната білу, жыл мезгілі мен айлар, апталар арқылы білімдерін қорытындылау
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ақтөбе облысы, Алға ауданы №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы, Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×