Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйкімді қоян

16 қаңтар 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Сүйкімді қоян
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру және экология

Аталған сабақтың білімділік мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу.
Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау (түр-түсі, қоршаған ортаға бейімділігі) т.б.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, жабайы жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
(Мысалы: табиғат бұрышындағы көжек, кірпіні күту, тамақтандыру).
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Қоршаған орта туралы көзқарастарын дамыту, ой-өрісін кеңейту.
Жабайы жануарлар туралы өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер оқу арқылы баланың сөздік қорын дамытуға көңіл бөлінеді.

Сабақта жабайы жануарлардың суреттері, «Жабайы жануарлар әлемі» альбомы, мультфильмдер, орман суреттері, дидактикалық ойынға арналған түрлі-түсті суреттер, бет перделер, саусақты қуыршақтар көрнекілік ретінде қолданылады. Баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап, жұмбақ, ребустар шешу, сөздік ойындар сияқты әдіс-тәсілдер пайдаланады.
«Көжектер мен түлкі» деген қимыл-сынды ойын ойналады.

Ойынның шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет перделерін киіп, дөңгелене отырады.
Ойынды жүргізуші: ( қоян пердесін киеді)
Көжектерім, тұршы
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып алайық.
Қоян: Жалмаңдаған қу түлкі
Келіп қапты орманнан.
Көжектерің, қайда?- деп
Қуып келді соңымнан

Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөнеледі, түлкі қуады.
Тәрбиеші: Балалар, біздер бүгін орманда мекендейтін жабайы жануарлармен танысамыз - деп сабақтың мақсатын түсіндірген соң: балалар, сендер өздерің білетін жабайы жануарларды атаңдар, сонан соң жұмбақ шешейік - дейді.
Қыста ақ,
Жазда сұр.
Бұл қай аң?
Балалардың жауабы: Қоян.
- Өте дұрыс. Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады. ( тәрбиеші үшін мәтін).
Қоян шөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді.
Кей ертегілерде қоянды «қыли» деп атайды. Неліктен?

Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір.
Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады.
Көктем, жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады.

Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді. Кейде ақ қоянды аңшыларға байқамай қалады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді. Қыркүйек айында адамдар егісте күздік егістерді ( бидай, қара бидай) себеді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп, қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіске тап болса, қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді. Қыс мезгілінде қояндар жас теректердің қабығын кеміріп жейді. Орманды мекендейтін кейбір жыртқыш аңдар мен құстар: қасқыр, түлкі, сусар, бүркіт, қаршыға, жапалақ т.б. қоянды аңдиды. Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктігіне байланысты кейде құтылып кетеді.
Тәрбиеші балаларға қоян туралы осылай баяндап берген соң, оны қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтайды.

1. Қоянның түр-түсі қандай?
2. Қоян немен қоректенеді?
3. Қандай аң түрлері қоянға шабуыл жасауы мүмкін?
4. Қоян қысқа азық жинай ма?
5. Қандай жерлерде тіршілік етеді?
6. Қоян өзіне үйшік жасай ма?

Бұдан кейін «Қояндар» деген тақпақ арқылы сергіту сәті жасалады.
Ерінбе, қояным,
Ертеңмен оянғың.
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.
Балалар, мына жұмбақты шешеді.
Дыбыстан қашып,
Қаққан безек.
Қорқақ, жасық,
Бұл не..... ?
(көжек)

Әрине, бұл қоянның көжегі. Ол да қоян секілді сыбдыр ести қалса, қаша жөнеледі. Көктемде қоянның көжектері пайда болады. Олар бірден жүріп кетеді. Қоянның көжегі көзі ашық, ширақ болып туады, кішкентай, терісі мамық секілді.Қоян көжегін сүтімен асырайды. Бірнеше күн өткен соң көжектер жасыл шөпті жеп үйренеді.
«Ақ қоян» деген қимылды ойын ойналады. Мұнда сөйлемді жалғастыру қажет.
Қоян қыста ақ, жазда ......
Қоянның құйрығы қысқа, құлағы.....
Қоянның артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы........
Қоянның құлағы неге ұзын?- ертегісін мәнерлеп оқып береді.

Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендіреді.
Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырады.
- Туған күнің, құтты болсын, ақ қоян! – деп, Кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді.
- Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын!- деп, Қасқыр бір шоқ қалампыр гүлін ұсынды.
- Аю неге кешікті?- деп төртеуі бір-біріне қарады.
Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.
- Туған күнің құтты болсын! – деп Қоянның құлағынан тартты. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.

Мына сұрақтар қойылып, ертегіні балалар қалай түсінгені тексеріледі.
1. Қоян достарын неге шақырды?
2. Қоян үйін қалай безендірді?
3. Ол туған күніне қандай аңдарды шақырды?
4. Кірпі қоянға не сыйлады?
5. Түлкі ше?
6. Қасқыр не әкелді?
7. Аю қандай сыйлық әкелді?
8. Қоянның құлағы не себептен ұзын?

Бұдан кейін «Жануарлар нені ұнатады?» деген дидактикалық ойын ойналады.
Қызықты арифметика.
Қоян көжегі мен бақшаға барып, қырыққабат, сәбіз жинады?
1. Қоян неше қырыққабат жинады? Сана.
2. Көжек неше сәбіз жинады? Сана.
Қосымша сұрақтар.
Қоян отырып сабақты пысықтау, белсене араласқан балаларды мадақтау, ынталандыру сыйлығын беру.

Мукатова Ж.Б.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№20 «Дидар» МДҰ тәрбиеші
92 527
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
Көжек (ертегі)
Көжек (ертегі)
Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу. Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау (түр - түсі, қоршаған ортаға бейімділігі) т. б.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×