Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»

04 сәуір 2017, Сейсенбі
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жабайы аңдар. «Тапқыр қоян»
Білім беру саласы: Коммуникация
Білім беру көзі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: 1. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.
2. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
3. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Ынталандыру
Сезімді ояту
Ізденістер
Ұйымдастыру
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Қуанамын менде,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Бәріңе сәттілік тілеймін!

Ой қозғау:
видиоролик тамашалау
Балалар бейнежазбадан не тамашаладық
- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?-
Балаларға жабайы аң – қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады.
Венн диаграммасы арқылы үй жануарлары мен жабайы жануарларды салыстыру.
Үй жануары
Жабайы жануарлар
Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал – үй жануары, ал арыстан, барыс, т. б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.
Кубизм әдісі арқылы
3 - топқа кубикті домалату арқылы түскен суретті сұрақтар арқылы сипаттайды
Мыс: қасқыр жабайы аң ол орманда мекендейді Қасқырдың баласын – бөлтірік деп атайды

«Тапқыр қоян» ертегісін мәнерлеп оқу.
Дыбыстық жаттығулар:
Ыр – ыр – ыр - ырылдайды
Кі – кі – кі - бұлаңдайды
Ян – ян – ян – жүгіріп жүр
ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.
ә) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.
Сергіту жаттығуы: Сұр қоян өлеңі
Бес жол өлең әдісі арқылы ертегідегі қоянды сипаттау

Қорытындылау Сабақты қорытындылау. Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Қандай ертегімен таныстық мадақтау

Күтілетін нәтиже: Жабайы аңдар ерекшелігін туралы білді.
Түсінігі: Меңгерген дағдылары мен іскерліктері сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге үйрену

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Алға селосы, Әбу Сәрсенбаев жалпы
орта мектебі мектепалды даярлық тәрбиешісі
Пауешова Гульнар Тлеккқабылқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Жануарлардың келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөнінде білімдерін кеңейту. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыту, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×