Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері: жаз, күз. белгілері

26 наурыз 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Экология негіздері
Мақсаты:
Білімділік: Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын, өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту, монтессори технологиясын пайдалана отырып саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс.
Сөздік жұмыс: тіршілік, егістік, шабындық
Билигвальді компонент: жыл мезгілдері – времена года, жаз – лето, күз – осень.
Көрнекі құралдар: жаз күз мезгілдерінің иллюстрациялық суреттері, жұмбақтар, жыл мезгілдеріне байланысты слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, сөйлеуді дамыту, шығармашылық.
Сабақ түрі: аралас, дәстүрлі емес.
Қолданылатын технология: монтессори.

Сабақ барысы:
Психологиялық сәт:
- Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.
- Сәлеметсіздер ме? (балалар амандасады)
Шаттық шеңбер:
- Қуанамын менде!
Қуанасын сенде!
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан әр таңға!
- Балалар, табиғат дегеніміз не?
- Ол бізді қоршаған орта.
- Балалар табиғат нешеге бөлінеді, атап айтып беріңдерші?
- Екіге бөлінеді: тірі және өлі табиғат.
- Ендеше балалар, біз сендермен «Тірі және өлі табиғат» ойынын ойнайық.
- Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
- Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
- Тау.(Аяқпен топылдату)
- Ағаш. (Қол шапалақтау)
- Күн. (Аяқпен топылдату)
- Қоян. (Қол шапалақтау)
- Су. (Аяқпен топылдату)
- Балалар, біз сендермен жыл мезгілдері туралы әңгімелесеміз.
- Бәріміз орнымызға отырайық.
- Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал
сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып көріңдер.
- Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Жаз мезгілі.
Балаларға жаз мезгілі туралы сұрақтар қою.
- Балалар, жаз мезгілінің айларын қазақша және орысша кім атап айтып береді?
- Жансая: Маусым – июнь, шілде – июль, тамыз – август.
- Балалар, жазда қандай өзгерістер болады?
- Жазда күн ыстық болады, айнала жасыл желекке айналады, гүлдер өсіп, құстар сайрайды.
- Өте дұрыс балалар.
- Жаз мезгілі сендерге ұнай ма?
- Ұнайды.
- Жаз мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Балаларды қорғау күні, астана күні, конституция күні.
- Жаз мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
- Сұлтан:
Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше,
Алма теру көбейсін.
- Өте жақсы Сұлтан.
(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Жазда күн ұзарып, түн қысқарады.
- Жаз мезгілінде диқандар егістікке шығады. Егістік дегеніміз – егін егетін жер.

Сөздік жұмыс: егістік - балалар қайталайды.
- Ал енді келесі жұмбақты жасырайын:
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Күз. (Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Ал күз айларын кім біледі?
- Нұрасыл: қыркүйек – сентябрь, қазан – октябрь, қараша – ноябрь.
- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Күзде көкөністер мен жемістер піседі, айнала алтын түске боялып, жапырақтар сарғаяды, егіншілер шабындықтан егін орып алады, адамдар да жан – жануарлар да қыстық азық – қоректерін жинайды.

- Сөздік жұмыс: шабындық - балалар қайталайды.
- Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
- Балалар тақпақ айтады.
- Балалар енді мен сендерге А. Құнанбаев атамыздың «Күз» өлеңін оқып берейін:
- Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті:
Жел соғады бетіме,
Ағаштарды желпуде.
Жел тына қалғанда,
Ағаштар биік болып өседі!

- Ал енді балалар біз екі топқа бөлініп, түрлі түсті жіптерді пайдалана отырып, жыл мезгілдерін бейнелейміз. Ол үшін біз екі топқа бөлінеміз:
- 1 – ші топ «Жаз» тобы.
Мақсаты: Жаз мезгілінің бейнесін берілген көрнекілік құралдар арқылы бейнелеу, құрастыру.
- 2 – ші топ «Күз» тобы.
Мақсаты: Күз мезгілінің бейнесін берілген көрнекілік құралдар арқылы бейнелеу, құрастыру.

Музыка ақырындап ойнап тұрады.(Балалардың іс - әрекеті)
(Балалардың жұмыстарын талдап, бағалаймыз)

Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»
Ойын шарты: өсімдіктер мен жемістерді қайда өсетінін айтып, дұрыс орналастыра білу.
- Балалар ойын ойнайды.
Қорытынды: жаз және күз көріністерін қатар қойып, салыстыру жұмыстарын жүргізу.
- Жаз мезгіліне тән белгілерді атап шығыңдар. Күз мезгіліне тән белгілерді атаңдар.
Үйге тапсырма:
- Ата – аналарыңның көмегімен «Күз» өлеңін жаттап келу.
Балаларды мақтап мадақтау:
- Бүгін сендер сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
- Балаларға «жұлдызшаларды тарату».

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: топтағы балалармен пікір алмасуды, табиғатты бақылауды;
Түсінеді: жаз және күз мезгіліне тән белгілерді;
Қолданады: жаз және күз мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімді. 
2 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазда (өлең)
Жазда (өлең)
Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жеміс – жидек туралы түсінік бере отырып, сөздік қорларын байыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Күз мезгілі жайында түсінік беру. Есте сақтау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу. Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу
Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері
Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері
Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×