Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері

13 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты: Балаларға табиғат жөнінде түсінік қалыптастыру.
Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдысын бекіту.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Күз мезгілі жайында түсінік беру. Есте сақтау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу
Көрнекілік: Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер, доп, жемістер мен көкөністердің қиынды бейнелері, түсті қағаз, жыл мезгілдеріне арналған дид/ойын, жұлдызшалар, аудио жазба,
Әдіс: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап,
Билингвизм: Қыс - зима, көктем - весна, жаз - лето, күз - осень

Мативация
- Балалар бізге бүгін қонақтар келіп отыр,
Қонақ келгенде сәлемдесу әдептіліктің белгісі,
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түстік бәріміз.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң қонақтар.
- Өте жақсы орнымызға жайғасып отырайық,
- Балалар бүгінгі көңіл - күйіміз қандай?
Бүгін аптаның екінші күні сейсенбі, оқу қызметіне өзімізді шыңдап, дайындап алайық,
- Бүгін ауа - райы қандай?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің неше айы бар?
- Атап айтқанда.
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Балаларды жұлдызша тарату арқылы бағалау

Тыныштық сәті: «Құстардың даусы».
- Балалар, бұл ненің даусы?
- Иә, бұл жылы жаққа ұшып бара жатқан құстардың даусы
Тосын сәт: «Хабарлама келуі»
- Балалар, менің телефоныма хабарлама келді. «Саяхатшы Дара» бізді Интербелсенді тақтаға тікелей көрсетілімге шақырып жатыр.
Слайд:
Сәлем достар! Мен бүгін сендерді «жыл мезгілдеріне саяхатқа шақырамын. Ол жақта сендерді қызықты ойындар мен тапсырмалар күтіп тұр».
- Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Жыл мезгілдері 4 - ке бөлінеді:

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сунақата ауылы №10 «Айгүл» балабақшасы
Тәрбиеші: Махулбаева Айгүл.

Жыл мезгілдері. жүктеу
5 497
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жыл мезгілдерін ажырата білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; Жыл мезгілдерін бір - бірінен ажырата білу. Балалардың ақыл - ойын, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, есте сақтау қабілетін сурет бойынша дамыту.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×