Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аппликация «Бәйтерек»

26 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Аппликация. «Бәйтерек»
Сабақтың мақсаты: 1) Аппликация құрастырып, қиып, жапсырып үйрену, сызу, қию, желімдей білу; 2) Өз бетімен жұмыс істеу арқылы заттардың пішінін, түсін айыра білу; 3) Жұмысты ұқыпты істеуге, қағазды үнемдеп қолдануға, бұйымды әдемі жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі, сызбалар, бәйтерек суреті
Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс, ойын, қызығушылықты ояту, құрастыру,
Сабақ түрі: дамыта оқыту

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту.
Қағаздағы сөздерді байланыстырып бүгінгі күнді суретте.
АСПАН КҮН ТЕМПЕРАТУРА КӨҢІЛ - КҮЙ

Оқушының ойы.
Аспан шайдай ашық. Күн нұрын төгуде. Ауа температурасы жылылықты көрсетеді. Менің көңіл - күйім тамаша!
- Балалар, қазір қай мезгіл? - Қазір күз мезгілі. Айнала сап - сары.
- Күзде ағаштар қалай өзгереді?
- Барлық ағаштар осылай өзгере ме?

ІІ. Жаңа материал
1 - тапсырма. Бәйтерек туралы не білесің?
Бәйтерек Астана қаласында 2012 жылы 30 тамызда ашылды. Оның биіктігі 105 метр, оның төбесіне шығу үшін екі лифт орнатылған. «Бәйтерек»бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
2 - тапсырма. Ойын: «Ұшқыр ой».
1. Қайшы түрлерін ата.
2. Қағаздың пайдасы не?
3. Қайшыны қай жағымен бересің?
4. Қағазбен жұмыс істеу құралдары
5. Симметрия деген не?
6. Қағаздың қаншаға жуық түрі бар?
7. Қазір зауыттарда қағазды неден өндіреді?
8. Өлшейтін құралды ата
9. Күздегі жапырақ түсі
10. Қағазға желімді қалай жағады?

3 - тапсырма
Шығармашылық жұмыс:
Образға еніп әңгіме жазу. «Мен ағашпын»

Қауіпсіздік ережесі.
Жұмыс орныңды ретке келтір.
Қайшыны жолдасыңа сақина жағы -
мен ұсын.
Қайшыны ашық күйінде парта үстіне қойма.
Желімді қолыңмен жақпа.
Желімді жаққанда қылқаламды пайдалан.
«Бәйтерек»атты аппликацияны құрастыру
ІV Сабақты қорыту.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма:
28 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдемі көбелек (мозаика техникасында заттық аппликация)
Әдемі көбелек (мозаика техникасында заттық аппликация)
Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың мақсаттары жапсырмасын құрастыру,
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
Астана – әсем қала!
Астана – әсем қала!
Астана қаласының көрікті ғимараттарымен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Бәйтерек
Бәйтерек
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Аппликация
Аппликация
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәні мұғалімі Темірбекова Айман
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
№35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×