Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аппликация

07 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнері. 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аппликация.
Сабақтың мақсаты: білімділік: бейнелеу өнеріндегі «аппликация» ұғымымен тереңірек таныстыру, қағаздан қиып - жапсыру тәсілдерін меңгерту;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу;
дамытушылық: аппликация арқылы көркемдік талғамын дамыту, ой - қиялын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: слайдтар, суреттер.
Сабаққа қажетті құралдар: қатты қағаз, түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім қарындаш.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты қайталау.
«Сиқырлы білім сандығы» ойыны арқылы өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
1. Сұрақ. Мынау тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?
Түкті қабақ жауып тұрған көзіне,
Тікенектей түк шығып тұр жүзіне.
Қырлы мұрын, қырмызы ерін, қап - қара,
Ұшқын шашып от ойнап тұр көзінде. (портрет)
2. Көптеген түстердің арасынан үш негізгі түс қана анықталады, ол қандай түстер? (қызыл, сары, көк)
3. Негізгі тәсілі бір түсті сурет пен сызық болатын бейнелеу өнерінің түрі қалай аталады? (графика)
4. Осы берілген бояулардың қайсысы сумен араласпайды: акварель, майлы бояу, гуашь? (майлы бояу)
5. Алғашқы қазақ суретшісі кім? (Ә. Қастеев)
6. Жануарларды бейнелейтін жанр қайсы: марина, анималистік, тұрмыстық? (анималистік)
7. Атақты орыс суретшісі Айвазовский қандай жанр түрімен айналысқан: анималистік, пейзаж, портрет, марина? (марина)
8. Қалыңдықтың киетін бас киімі? (сәукеле)
9. Киіз үй неше бөліктен тұрады? (үш бөлік: шаңырақ, уық, кереге)
10. Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты ою - өрнектеді ата. (қошқар мүйіз).
III. Жаңа сабақ.
Қолымдағы ою туралы не айта аласыңдар?
Қандай оюлар қатарына жатады?
Қалай жасалған? (түрлі - түсті қағаздарды жапсыру арқылы)
Ендеше балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымызға да жеттік. Тақтадағы кесте ашылып, бүгінгі сабақ түсіндіріледі.
«Аппликация» атауы латын тілінде «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзден шыққан. Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анрии Матисс (1869 - 1954). «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан екен. Аппликация:
1. Түрлі қағаздармен орындалатын б. з. д Грецияда пайда болған.
2. Әр түрлі мата, киіз, тері шүберек түрлерінен жасалатын. XVI ғ. Италия мен Испанияда, XVIIғ. Германия мен Францияда пайда болған. XVIII - XIXғ. Ресейде дамыған.
3. Табиғи материалдардан орындалған (сабан, ши, қамыс).
Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар Отра Азия мен Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюланып жасаған сырмағының өзі аппликацияның бір түрі.
Аппликация:
Сәндік: қабырға газеттері, альбомдар, папкалар әртүрлі өрнектермен безендіріледі.
Сюжеттік: әртүрлі тақырыпқа, шығармашылыққа байланысты орындалатын жұмыстар жатады.
Оқушылар жұмысы.
«Себеттегі жемістер» атты аппликация жасау. Бұл аппликация түрі «көлемді аппликация» деп аталады. Жұмысты жасау кезеңдерін түсіндіру:
1. Қызыл түсті қағазды 4 - ке бүктеп, алманың пішінін салып, қиып алу.
2. Басқа жемістердің де түсіне байланысты қағазға пішінін салып, қиып алу.
3. Қиылған пішіндерді бүктеп алып, бір бетінен бір - біріне желіммен жабыстыру керек.
4. Қызыл - сары қағаздағы себеттің пішінін қиып, ақ параққа жабыстыру керек.
5. Дайын болған жемістерді себетке орналастырып, желімдеу керек.
6. Жемістердің жапырақтарын қиып алып жапсыру керек.
Өзіндік, топтық жұмыс. Оқушылар жұмысты кезеңдері бойынша жасайды.
Жұмысты аяқтау.
Сабаққа қорытынды жасау.
Үйге тапсырма. Осы тәсілде көлемді аппликация орындау.
5 637
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары
Үйірма. Сиқырлы бояулар
Үйірма. Сиқырлы бояулар
«Жас суретші» үйірмесі эмоциялық - бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Жапырақтардан аппликация дайындауды меңгерту
Жапырақтардан аппликация дайындауды меңгерту
Оқушылардың табиғи материалдар – ағаш, ағаштың жапырақтарының маңызы жөніндегі білімдерін кеңейту. Бұйымды талдау. Жұмыс жоспарын құру.
Аппликация
Аппликация
Құрманғазы ауданы, Н. К. Крупская атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тастемирова К.Е.
Аппликация
Аппликация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері туралы ой - өрісін қызығушылығын арттыру. Балаларды суретші мамандығымен таныстыру, сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×