Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана – бірлік пен тәуелсіздігіміздің рәмізі

04 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Астана – бірлік пен тәуелсіздігіміздің рәмізі
Мақсаты: Білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Оқушылардың жан – жақты болуы, отансүйгіштікке тәрбиелеу, салт - дәстүрімізге үйрету, әдептілікке тәрбиелеу.
Ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту, этика - эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбие сағатының түрі: Сайыс сағаты.
Қатысушылар: 3 - 4 сынып оқушылары
Құрылымы: 4 – бөлімнен тұрады.
Кіріспе: Құрметті қонақтар, мұғалімдер, және оқушылар! 1 - қыркүйек Білім күні және Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Астана бірлік пен тәуелсіздіктің рәмізі» атты тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын.

І – бөлім. ☺Ой сергіту☺
1 жүргізуші
Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. 90 - жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп Қазақстанның жаңа елордасы Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 - маусымда өткізілді. Күннен – күнге гүлденіп, өсіп - өркендеп көркейген әсем қала небәрі бір жылдың ішінде, дәлірек айтсақ 1999 жылы шілде айында елордамыз ЮНЕСКО – ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.
Көк байрағы бүгінгі ұрпақ жалауы,
Бұл белгіміз – бар халықтың қалауы
Жер жүзінде желбіресін қашанда
Шарықтасын Қазақстан жалауы.
1 – жүргізуші:
Сонымен қатар етек – жеңін жиып, егемендігін алған Қазақстанның Ата Заңына 16 жыл толып отыр. Бәрімізге белгілілі тым әріден бастасақ Қорқыт бабамыздың конституциясы «Адат» деп аталса, Шыңғыс ханның «Ұлы жосысы» - ХІІІ. ғ, бұдан кейін Қасым ханның «Қасқа жолы» - ХІV. ғ, «Есім ханның Ескі жолы» - ХV. ғ, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» - ХVІ. ғ болды.
Ал қазақ мемлекетінің тарихында 5 Конституция болды. Олар ҚАССР - ның 1924. ж, қазақ КСР - нің 1937 және 1978 жылдағы конституциялары, Қазақстан Республикасының 1993, 1995 жылдағы конституциялары.
Ата Заңым!
Арман әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным.
Ата Заңым!
Бар мұратым!
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жансақ бассаң жолға салып,
Тәубаңды еске алдыратын.
Ата Заңым!
КемеңгерімІ – деп ақын жырлағандай осынау бүгінгі тәрбие сағатымыздың ой сергітуінен кейін егемен еліміздің елордасы Астана мен Ата Заңымызды ұштастыра отырып сайыскерлерді ортаға шақырамын.

ІІ – бөлім «Кім тапқыр!»
(Әр топқа 2 сұрақтан.)
1. Ұрлық түбі...... (қорлық)
2. Біреуге ор қазба...... (өзің түсесің)
3. Заңның құрығы....... (бәрінен ұзын)
4. Өтірікшінің құйрығы......... (бір - ақ тұтам)
5. Тура биде......... (туған жоқ)
6. Қолыңмен істегеніңді..........(мойныңмен көтер)

ІІІ – бөлім. «Мен Астанамды жырлаймын!»
(Әр топтан бір оқушы астана тақырыбына өлең оқиды)

ІV – бөлім «Білекті бірді, білімді мыңды жығады!»
(сұрақ – жауап бөлімі)
1. Ата Заңымыз неше бөліктен, неше баптан тұрады?
2. Дүние жүзінде қанша қазақ бар?
3. Азаматтық дегеніміз не?
4. Ата – ананың міндеті не?
5. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
6. ҚР Заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкіл?
Ән орындалады: Астана.
Сайысқа қатысқан топтардың ұпай саны есептеледі, марапатталады.
Соңы: Арманыма арқау болған Астанам,
Көкке қарай қанат жая бастаған.
Дәл осылай жүректерде сақталса,
Отаным деп тұрары анық жас балаң.
Бәйтерек тұр көкке тіреп төбесін,
Танытқандай сұлулықтың төресін.
Елім – тыныш, жерім – аман болса егер,
Сан мың жылдар жаңа таңын көресің.
Әрқашан да тарылмасын құлашың,
Күнге қарай мойыныңды бұрасың
Көркем сұлу келбетіңнен әрдайым,
Ел есінде мәңгілікке тұрасың.
Ұштастырып жер мен көктің арасын
Күннен - күнге сұлуланып барасың.
Пана болған құтты мекен - Астанам!
Қазағыма қасиетті қаласың.
Бәріміз бірге: Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!
4 151
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Астана – мерейім, мәртебем, беделім.
Астана – мерейім, мәртебем, беделім.
Астана бейбітшілік пен достықтың қаласы екенін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен елордамыздың сәулеті, әсемдігі жөнінде шетелдіктердің жылы лебізі арқылы оқушылар бойына мақтаныш сезімін ұялату.
Ғасыр көші
Ғасыр көші
Қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында балаларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті				Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Масакбаева Сайра Сабырхановна 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні Мемлекеттік мерекеге арналған
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×