Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Толағай (спорттық жарыс)

07 қыркүйек 2023, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Толағай» (спорттық жарыс)

Мақсаты:
1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар.
Барысы:
1. кіріспе сөз
2. спорттық жарыс
3. қорытынды сөз.
Марапаттау
1 Жүргізуші
Құрметті жиналған қауым, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 2 - 4 сынып оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
2 Жүргізуші
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріндер,
Әділ қазы алқасын сайлап,
Әділ баға берііңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап, таныстырып өту.
Ата - аналар атынан.....................................
Мұғалімдер атынан...................................
Оқушылар атынан......................................... бағалау жүйесі 5, 4, 3 балдармен бағалау.
1 Жүргізуші
Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеу, содан кейін 3 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысу керек. 2 сынып - 5 оқушы, 3 сынып – 3 оқушы, 4 сынып - 4 оқушы.
Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Бүгін оқушылар 3 топқа бөлініп бақ сынайды. 1 топ - «ұландар»
2 топ -«Балдырғандар», 3 топ - «жұлдыздар».
Ал ендеше сайысымыздың шарттармен танысайық.
Сайыс шарттары:
1. «допты ойын»
2. «Толағай»
3. «Тасымақ»
4. Капитандар сайысы
5. «Шегірткелер»
Бұл ойында бізге көмек көрсететін оқушылар Алтаев Жандос, Қаби Даниял.
2 Жүргізуші
Денсаулық - шексіз бақыт,
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.
1. «Допты ойын»
Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Толағай» ойыны деп аталады.
Шарты: толағай добымен секіріп, орындықты айналып, қайта орына келу. (жылдамдықта)
Олай болса балалар сендерге сәттілік!
Бір, екі, үш дайындал, алға!
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
2 Жүргізуші
3. Келесі ойынымыз «Тасымақ» деп аталады.
Шарты: бір оқушы доп алып кедергілер арқылы бір қолымен кезек - кезек жерге соғып тақтайшаға жеткенде көздері байлаулы қалпында сурет салу керек. Келесі оқушы осы суретті жалғастыру керек.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
4. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады.
Шарты: Көздері байлаулы қалпында кәмпитті ауызымен тауып алу, тапқан кәмпиттегі сөздерді тобына мимикамен көрсету, ал топтары жауаптарын айту керек. (телефон, кітап, сумка, күн, мысық, қалам, нан, доп, машина)
2 Жүргізуші
5. келесі ойынымыз «Шегіртекелер»
Шарты: Бір оқушы секірмекпен секіріп барып, математикалық есепті шығару керек. Қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. (марапаттау)
2 Жүргізуші
Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың!
Бүгінгі «Толағай» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы
Жаңажол орта мектебінің тәлімгер - тәрбиешісі
Ожикаева Меруерт Ермекқызы
29 770
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толағай (топтық сайыс)
Толағай (топтық сайыс)
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың
Көңілді спорттық жарыс
Көңілді спорттық жарыс
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
«Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» спорттық сайыс
Отбасылар күніне арналған, жартылай жетім, әлеуметтік жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар арасындағы спорттық шара. Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Сайыс сабақ
Сайыс сабақ
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Толағай спорттық жарысы
Толағай спорттық жарысы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы. М.О.Әуезов атындағы жалпы білім беретін №6 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×