Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сайыс сабақ

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: 4 класс оқушылары арасында өтетін «Толағай» сайысы
Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету.
Сабақтың түрі: жарыс түрінде
Қатысатын командалар: 4 «А», «Б», «В», класс оқушылары, капитан командалары
Керекті құралдар: доптар, шарлар, секіртпе, сурет салатын құралдар.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Негізгі бөлім.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, денсаулық құпияларының бірі - спорт дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» сайысына қош келдіңіздер.
Сайысты ашық деп жариялаймын.
Әнұран.
- Сайысқа қатысушыларды құттықтау сөз мектеп директоры М. Т. Мырзахановқа беріледі.
- Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған команданы шақырамыз.
4 «А» класс, 4 «Б» класс, 4 «В» класс командаларын қарсы алайық!
Ойнайық та, ойлайық,
Қатарда артта қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен тек жоймайық

Ойнайық та, ойлайық
Күшімізді көрсетейік, сынайық.
Жеңсен де жеңбесең де, ренішсіз болып,
Қаймықпай көңілді болайық.

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.
1. Оқу ісінің меңгерушісі: Гүлзат Қалымтайқызы
2. Спорт мұғалімі: Тілек Іргебайұлы
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Қарлығаш Базарқызы

Оқушыларды жарыстың ережесімен таныстыру.
«Толағай» сайысы эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!
№ Команданың аты Таныстыру «Желаятар» сайысы «Әрі ойын, әрі есеп» «Пингвиндер» сайысы Домалау «Із салу»сайысы Допты алдымен алып жүру «Суретшілер» сайысы «Футбаскет» сайысы «Паровоз» Жалпы ұпай саны Алған орындары
4 «А»
4 «Б»
4 «В»
Сайыстың бағдарламасында әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
1. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырып, эмблемасын қорғайды)
2. «Желаяқтар» сайысы. (Мәреге жүгіріп барып, қайтады)
3. «Әрі ойын, әрі есеп» (секіртпемен жүгіріп, есеп шығару)
4. «Пингвиндер» сайысы (Допты екі аяғының арасына қысып жүгіреді)
5. «Домалау» (Жерде домалап, кедергіден өтіп жарысады)
6. «Із салу» сайысы (іздерді алдыға қарай қойып, сол арқылы жүреді)
7. «Допты алдымен алып жүру» (доппен жүгіріп жарысу)
8. «Суретшілер» сайысы (әр команда маркермен сурет салу)
9. «Футбаскет» сайысы
10. «Паровоз» сайысы (барлық ойыншылар белдерінен ұстап, жарысады)
III. Қорытынды бөлім (мәреге бопты аяқпен теуіп, қолға ұстап қайту)
(Қазылар алқасы жеңген команданы анықтап, марапаттау).
6 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт – сенің серігің жарыс
Спорт – сенің серігің жарыс
Денсаулық ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
Толағай (спорттық жарыс)
Толағай (спорттық жарыс)
Мақсаты: 1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Эстафеталық ойын жарысы
Эстафеталық ойын жарысы
БҚО Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы, ЖББ Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғаліміҚалмияров Жансерік Қайратұлы
Толағай (отбасылар сайысы)
Толағай (отбасылар сайысы)
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарлы селосы Байғанин орта мектебі мұғалімі: Қаратаева Гүлбану
Толағай спорттық жарысы
Толағай спорттық жарысы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы. М.О.Әуезов атындағы жалпы білім беретін №6 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×