Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дала жұлдызы

31 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілінен ашық сабақ жоспары (3 сынып)
Сабақтың тақырыбы: "Дала жұлдызы" Сырбай Мәуленов
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ыбырайдың алғаш балаларға арнап мектеп ашуы туралы түсініктер беру.
2. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға Ыбырай өмірін үлгі ете отырып, білімді, саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелеу, тест, тірек сызба.
Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, тірек сызба, тест, видеопроектор.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім - өз тілім - ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

3. Үй тапсырмасын тексеру. Қырдан келген жас қазақ. М. Дулатов
а) Мәтіннің мазмұнын оқушылардан сұрау.

ә) Сұрақ - жауап 1) Қырдан келген жас қазақ кім?
- Шоқан
2) Шоқан қайда оқыды
- Омбыда кадет корпусы
3) Шоқанның досы кім?
- Потанин
4) Оның талабы қандай болды?
- Ғылымға, қазақ халқына пайда келтіру.

б) Жекелеген сөздерді қалдырып, мәтіннен сөйлем оқу. Қалдырған сөзді оқушыға таптыру.
"Мен ең әуелі... жақсы көремін. Одан кейін..., одан кейін..., бүкіл... жақсы көремін"- дейтін.(қазағымды, Сібірімді, Россияны, адамзатты)

в) Шоқанның достары: Достоевский, Дуров, Потанин
г) Үй тапсырмасын қорытындылау. Сонымен, біз Қырдан келген жас қазақ мәтіні туралы, ол жас қазақтың Шоқан екенін және сол Шоқан туралы біраз мағлұмат үйрендік. Оның зерттеуші-ғалым екенін, елін, ұлтын сүйген азамат екенін білдік.

4) Жаңа сабақ
а) Ребус шешу " Дала жұлдызы"
ә) Дәптермен жұмыс С. Мәуленов " Дала жұлдызы"
б) Автор туралы.
Сырбай Мәуленов
Қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында 1927 ж 17 қыркүйекте туылған.
Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы
Ыбырай еңбектерін жарыққа шығарушы

5) С. Мәуленовтің "Мен елімді сүйемін" мәтінінен үзінділерді жатқа айту.

6) Тест жұмысы.
1. Мектебіміз кімнің атында?
2. Алғашқы ұстаз кім?
3." Кел, балалар, оқылық" өлеңінің авторы кім?
4. Қазақ хрестоматиясының авторы кім?
5. Балқожа бидің немересі кім?

Демек," Дала жұлдызы" кім екен?
- Ыбырай.
Ыбырай - қазіргі Қостанай облысында туылған
"Кел, балалар, оқылық"
"Өнер - білім бар, жұрттар"
"Бұл - кім?" т. б. өлеңдерін жазған.
1941 ж, қазанда дүниеге келген.
Жазушы, ұстаз.
"Қазақ хрестоматиясы" оқулығын жазған
Ертегілер, әңгімелер, мысалдар жазған

в) Мәтінді оқып беру

г) Сұрақ - жауап арқылы мазмұнын ашу.
1. Мәтін кім туралы?
- Ыбырай
2. Есжан кім?
- Жол үстінде кездескен бала
3. Оны неге "Әнкенің баласы" деп атаған
- Әкесі қайтыс болған, шешесінің қолында тәрбиеленген.
4."Ыбырай қазақ даласының жарық жұлдызы еді" - дегенді қалай түсінесің?
- Ол кезде қазақта білімді адам аз болған, алғаш мектеп ашқан.
ғ) Мәтінді өз беттерімен оқу.

Поэзия минуты. Ыбырай өлеңін тізбектей оқыту.

д ) Мәтінді бөлімге бөлу. Топтық жұмыс (Ой қозғау)
1 - топ Жоспар құру ( әңгіменің басы не туралы, ортасы не туралы)
2 - топ Мәтіннен кейіпкерлерді табу
3 - топ Мәтіннен Ыбырай жолын жалғастырушылар жайында айтылған сөздерді тауып оқу. Әңгіме неліктен "Дала жұлдызы"деп аталған?

е) Жаңа сабақты бекіту.
1. Мәтіндегі басты кейіпкер - Ыбырай
2. Ыбырайға алғаш кездескен бала? - Есжан
3. Есжанның шешесі кім? - Әнке
4. Әкесі кім? - Тілеуқабыл
5. Ыбырайдың шәкірті, белгілі жазушы - Спандияр

ж)" Ұйқасын тап" ойыны
Егемен елімнің ертеңі -
.... бүлдіршін біздерміз.
Әлемге танытар....
Шаттықпен өсіп біз....
з) " Жұлдызша" тапсырмаларын орындап, сабақты қорыту.
1. Ыбырай атаның қандай шығармаларын білесің?
2. Ыбырай кімнің тәрбиесінде болған?
3. Балаларға қай өлеңінде бата береді?
4." Дала жұлдызы " әңгімесінің авторы кім?
5. Ыбырай өлеңдерінің біреуін жатқа айт?
Үйге тапсырма
Бағалау
6 291
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×