Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали-мәңгілік ғұмыр

08 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сыныптар арсында ұйымдастырылған кеш сценарийі
Тақырыбы: «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» 4 сыныптар арасында ұйымдастырылған кеш
Мақсаты: Ақиық ақын М. Мақатаев өмірі, шығармашылығымен таныстыру. Жырларының мазмұнын ұғындыру, ақын талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Отанға, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: Ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінді, буклет, кітап көрмесі, техникалық құралдар, слайд.

Кештің жоспары
1. «Жазылар естеліктер мен туралы» ақынның өмір жолы. Слайдтан көрсету
2. «Қарасаз қарашалғын өлеңде өстім» ақын өлеңдерінен үзінді
3. «Білімді бірді жығады, Білікті мыңды жығады» сұрақ - жауап
4. «Айтыс - сөз өнері»
5. Ақын поэмаларынан үзінді көрініс
6. «Ақын өлеңдері жүрегімізді әнмен тербейді» әннен сайыс
7. Қорытынды бөлімі

Жүрісі;
Жүргізуші; Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар, ата - аналар. Бүгін біз ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кешіне жтналып отырмыз. Қысқа ғұмырда қазақтың ұлы ақыны М. Мақатаев бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.
Жүргізуші; Кешіміз сайыс түрінде өтетін болғандықтан әділқазылар алқасымен таныстыру.

1кезең «Жазылар естеліктер мен туралы»
Жүргізуші: Қарасаз, кіндік қаным саған тамған,
Жолдасым бірге келген сенде қалған
Шыбықтан ат қып мініп, балық аулап,
Өзен мен ормандарда асыр салғам
Әне тұр менің туған жаман тамым,
Сол тамда көрген тұңғыш өмір шамын
Есігін өмірімнің сонда ашып,
Іңгәлап мен де өмірге ұмтылғаным - дегендей М. Мақатаевтың өмір жолымен таныстыру. ( слайдтан көрсету)
Жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп, жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретіне бас иеміз.

2- кезең
Жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, соған жұртым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңі өмірден өзі кетсе де ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Ендеше, осы сайыстағы жас ақындарымызға кезек берейік.

1 -топ «Жұлдыз» тобы таныстыруы
Армысыздар, оқушылар ұстаздарым
Өздеріңнен тұтанғанбыз біз бір жалын
Мақатаев жырларына шөліркеген
Жандардың қандырамыз жан құмарын
Қайран Мұқан бағалатты өз ошағын
Теңепті әр биікке ұл - қыздарын
Топтың атын арнадық Жұлдыз ұлға
Ол десе Мұқаң қойған жерге асын
Мен туғанда туғандай
Дүнияға жаңадан
Секілді жаным бір Жұлдыз
Мұңая маған қараған
Ол жұлдызда өмірімнің,
Жалынды оты шашылар
Көрген сайын көңілімнің
Көмескі тұманы ашылар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 009
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа,
Мұқағали Мақатаев оқулары кеш сценарииі
Мұқағали Мақатаев оқулары кеш сценарииі
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Бүгін менің туған күнім!
Бүгін менің туған күнім!
Дайындаған: Ақпейіл Курманбаева
Сөнбес жұлдыздар
Сөнбес жұлдыздар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы»ММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Муханмедиева Шынар Муханмедиевна
Поэзия, менімен егіз бе едің?... (9 сыныбында өткен поэзия кеші)
Поэзия, менімен егіз бе едің?... (9 сыныбында өткен поэзия кеші)
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы, С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жамауова Алтынжан
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×