Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөнбес жұлдыздар

20 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөнбес жұлдыздар
Мақсаты: Оқушыларға ақын өнері арқылы қазақ әдебиетінен жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдерін сараптай білуге үйрете отырып, олардың мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту. Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Кіріспе:
Мұғалім: Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақындар Төлеген Айбергенов және Мұқағали Мақатаев жайлы танысамыз. Біздер бүгінгі сабағымызға олардың өрелі өлеңдері жайында ой өрбітпек мақсатта бас қосып отырмыз. Қос ақынымыздың осы ақпан айында туған күні.

1 - жүргізуші: Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақындары Т.Айбергенов пен М. Мақатаев ағаларымыз бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.
2 - жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп өткен сыршыл да сезімтал ақын жайында сыр шертіп, ақын әлеміне өлең деген құдіретті мұхитқа сапар шексек, өлеңдерінен өрілген сұлу сазға тербелсек деп отырмыз.
1 - жүргізуші: Өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Төлеген ақынның өмір жолын біріміз білсек, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек. (Ақын өмірбаяны туралы оқушы баяндамасы тыңдалады) Гүлжайна.
2 - жүргізуші: Ақынның өмірі туралы жырларға кезек берейік («Жолдар - жолдар», «Бір тыйым бар», «Өмір») Айдана, Диана.

1 - жүргізуші: Төлеген ағамыздың туған жерге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі оның ақын ретінде басты тақырыбы еді. (Алматыға, Жаңарған Маңғыстау) Самал, Қаламқас.
2 - жүргізуші: «Ақерке ақ жайық», «Жаңарған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар» т. б өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал.
Ән: Ортаға «Ақ жайық» әнімен Ақерке, Сұлтанды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай ол өзі өмірден кетсе де, өлеңі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді.
2 - жүргізуші: Ақынның өмір жолына бір сәт тоқталсақ (өмірбаян қысқаша) Фариза. («Өмір деген», «Бәрінде қойшы») Айдын.

1 - жүргізуші: Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали атамыз ЮНЕСКО бойынша аталып өткен әрі ақын, әрі батыр Махамбетті пір тұтқан, ұлы Абайдың мақсатын өз мақсатым деп білген екен («Махамбеттер, Абайлар» өлеңі оқылады)
2 - жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы оның поэмалары мен атамыздың артында қалған мұраларының бір күнделігі (Ақын поэмасынан, күнделігінен үзінді оқылады)

1 - жүргізуші: Мұқағали өлеңдері бүгін біздің жүрегімізді әнмен тербейді, сұлу сазға бөлейді. Осындай әндердің біріне кезек берейік.
Ән: ортаға Абзалды шақырамыз.
Қорытынды: Мұғалім
Табиғаттың тебіренген, қуанған шағынан перзенті - ақын десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халық. Халқы аманда ақынға өлім жоқ, біздің сөнбес жұлдыздарымыз. Мұқағали мен Төлеген ағамызда ерте өлімімен емес, жырдағы ерекшелігімен, ақындықтағы қырын қимылымен жыр дүниесінде, біздің есімізде мәңгі сақталмақ.
8 348
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілімде менің сыры терең жаным бар...
Тілімде менің сыры терең жаным бар...
Жамбыл облысы, Шу қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильясова Рахила Иманғалиқызы
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Төлеген Айбергенов «Ана» өлеңі
Төлеген Айбергенов «Ана» өлеңі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және «ҚР - дағы Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру.
Төлеген Айбергенов "Жан еді өлең үшін дара туған" (электронды оқулық)
Төлеген Айбергенов "Жан еді өлең үшін дара туған" (электронды оқулық)
Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ған ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Қазақ поэзиясының дамуына атсалысты. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұқтар Шаханов, Тынышбай Рахым сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×