Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 саны мен цифры

16 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
А) 3 санын шығарып алудың тәсілдерін көрсету. 3 санымен және цифрымен таныстыру. 3 санының киелілігі жайлы мағлұмат беру.
Б) Оқушылардың қызығушылықтарын, логикалық және ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.
В) Ойын ойната отырып, жылдамдыққа, бір - біріне көмектесуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын іс - әрекеті
Көрнекілігі: кеспе сандар, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды сабаққа дайындау. Осы сабаққа қажетті оқу - құралдарын алу. Қазір бізде математика сабағы. Сабақтарың сәтті өтсін.

II Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар, біз сендермен осы уақытқа дейін математика сабағынан не өттік? Бұрыштар, фигуралар, сызықтар, кесінділер, сандар, таңбалар, теңдіктер, теңсіздіктер.
Қандай сандармен таныстық? 0, 1, 2 сандарымен.
Өткен сабақта қандай белгілермен таныстық?
Тура, тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер мен таныстық.
Енді бәріміз тақтаға қарайық.
1=1 ---------- 1+1=2 бұлар тура теңдіктер.
2>1 -----------3см>2см
Тақырыпты тақтаға жазу. 3 саны мен цифры.
3 санының қасиетті сан екеніне тоқталу.
Оқулықпен жұмыс: Енді барлығымыз кітабымыздан 44 деген бетті ашамыз. 1 тапсырмаға қараймыз.
№1 тапсырма бойынша оқушылар сюжетті сурет бойынша үш санын шығарып алудың мысалдарын және азайтудың сәйкес мысалдарын құрастырады. 2+1=3 ------------ 3 - 1=2
№2 тапсырма бойынша балалар сандардың көршісін атайды да, тақтаға жазады.(5 бала)
Ойын: Орныңды тап шартын түсіндіру.
№3 тапсырма кесінділердің ұзындықтарын өлшеу, оларды салыстыруға арналған. Шыққан теңдіктер мен теңсіздіктерді дұрыс оқыту.
Сергіту сәті
№4 тапсырмада теңдіктер мен теңсіздіктер құру көзделген. Оқушылар оларды құрып, олардың тура не тура еместігін анықтап, шыққан жазуларды оқуы керек. Оң жақтағы мысалдарға оқушылар амал таңбасын қойып шығу керек.
№5 тапсырмада түлкіге көмектесеміз. Тез - тез есептеуіміз керек.
1+1+1=2
2 - 1+1=2
Дәптермен жұмыс:
3 санының жазылу әдістемесін көрсету.
Неше элементтен тұратынын көрсету, айту.
Дәптерді дұрыс қолдану ережелерін айтып өту.
Бірінші тапсырма бойынша саны үшеу болатын заттың суреті салынады. Қандай заттың суретін салатынын оқушылардың өздері анықтайды. Саны міндетті түрде үшеу болуы тиіс. Екінші тапсырмада тура теңсіздік құру қажет
Қорытынды:
Бүгін біз сен, дермен қандай сан және цифрмен таныстық? 3саны және цифры
3санының құрамын айтайықшы2 мен 1 - дің қосындысы3 - ке тең.
3 санына байланысты санамақ
Үш дегенім үміт, ----------------- Қиқар болсаң, балам,
Жайдары жүр күліп. ------------------ Дейді апаң жүлік.
Мадақтау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға жұлдызша беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 596
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
- Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. - Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 саны және 7 цифры, 7 - нің сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушыларын ОЖСБ - ға дайындау жоспары
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушыларын ОЖСБ - ға дайындау жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×