Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз-жыл басы

23 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Наурыз – жыл басы.
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, балаларды елін, Отанын сүюге, жыл атауларын дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл22 - наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.

О, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз – думан басталды
Бір сәт зейін салыңдар.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар,
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Барлығы тағы бас қосыпты.
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің желісімен өтетін ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Жыл басына таласқан хайуанаттар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Барлығы қайтадан дауласа бастайды.
Ит: - Неге осы ылғи да жыл басы тышқан болуы керек? Өзінің адам баласына ешқандай пайдасы жоқ, зиянынан басқа. Мен болсам адамның нағыз досымын.
Тауық: - Ия, біздің пайдамыз ұшан теңіз. Маған неге жыл басы болмасқа?
(Әрқайсысы өз пайдаларын айтып дауласа бастайды)
Жылқы: - Бұл таластан ештеңе өнбес. Тағы да қырық пышақ болып шуылдасамыз ба? Одан да жыл басының кім болатынын Аруанадан сұрайық. Әділ төрелігін сол кісі шешсін. Барлығы келіседі.
Аруана халыққа өзінің тілегін білдіріп, жылға таласқан хайуанаттарға әрқайсысының өз өнерлерін ортаға салуын өтінді.
Әр жыл атауы өз өнерлерін көрсетеді.
Жылдар:
Тышқан: Мен тышқанмын, тышқанмын,
Көбейгенмін, өргенмін
Кішкене қандай болсам да,
Жылды бұрын көргенмін.
Сиыр: Уа, халайық жиылған,
Бір сәлем келген сиырдан.
12 жыл бойы жол жүріп,
Келдім алыс қиырдан.
Барыс: Шыңда жүрген барыспын,
Ертеден жылмен таныспын.
Қарлы тауда жүремін,
Жердегіден алыспын.
Сиырдан ұлықсат сұрайын,
Биылғы жыл мен болайын.
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,
Бүгін ерте ояндым.
Аппақ едім қыс бойы,
Қоңыр түске бояндым.
Ұлу: Мен ұлумын, ұлумын,
Теңізден келген сұлумын.
Қамын ойлап келген ем,
Ойын - сауық құрудың.
Жылан: Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балдырған.
Қарды түгел кетіріп,
Жердің бетін жайнатам.
Жылқы: Мен жылқымын желдім ғой
Іздеп жүріп келдім ғой.
Қолыңды соқ қарсы алып,
Жылды маған сендің ғой.
Қой: Қой едім елге ұнайтын,
Бірінен бірі сұрайтын.
Мен боламын білсеңіз,
Малдың басын құрайтын.
Мешін: Мен, Мешінмін, мешінмін,
Көптен келмей кешіктім.
Мың құбылып, түрленіп,
Жайнасын жылым, жайнасын!
Тауық: Менде құспын, тауықпын,
Көркімін ойын - сауықтың.
Күнделікті жемімді,
Шоқып жүріп тауыппын.
Ит: Ит болғанда Құмаймын,
Бір орында тұрмаймын.
Аңды алыстан көремін,
Қуып жетіп төнемін.
Доңыз: Доңызды білсең майлымын,
Халыққа сондай жайлымын.
Берекелі жыл болар,
Шаруаға сыйлымын.
Аруананың сөзі: Барлығыңның да өнерлерің керемет екен. Мен сендерге өте ризамын. Бұрыннан келе жатқан Жыл басын қалайша өзгертпекпіз? Адамдар сол жыл атауларына үйреніп қалған. Сондықтан да менің шешімім бұрын қандай жыл атауы болса сол қалпында қалады. Бәріңнің де адам баласына пайдаларың бар. Әрі қарай халыққа қызметтеріңді көрсетіп, пайдаларыңды тигізе беріңдер.
Қыдыр атаның сөзі: - Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!
4 646
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Жыл басы - Наурыз!
Жыл басы - Наурыз!
ШҚО, Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ибраева Жангуль Бауыржановна Жыл басы - Наурыз! Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, алаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×