Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нұр себеле – Әз Наурыз!

11 наурыз 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Нұр себеле – Әз Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру.
Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: киіз үй, ұлттық бұйымдар.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз.
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды.
Қарсы алайық наурызды!- деп бүгінгі « Нұр себеле – Әз Наурыз»!- атты ертеңгілігімізді жақсы тілекпен бастайық.
Сөз беру: 1. Балабақша меңгерушісі: Ә. Н. Жұмабаева

2. Ата – ана.
Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді.
Тәрбиеші: Наурыз тойын жұп жазбай.
Қошеметпен қарсы алайық.
Досқа құшақ ашайық.
Өлең – жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық.
Әже шашу шашады: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле – жәле жерге енсін!
Наурыз қыз: Наурыз тойы береке.
Наурыз тойы жыр аңыз.
Қызыл дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Тәрбиеші: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамың!
Тәрбиеші: Бауырласқан тәнтіміз
Бұзылмасын салтымыз.
Өзге ұлттай біздің
Бар дәстүрмен салтымыз.

Наурызда көрісу көрініс:
1. Ассалаумағалейкум!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
2. Уағалейкуммасалам!
Наурыз тойы құтты болсын!
Тәрбиеші: Наурыз тойым, наурыз тойым!
Құтты болсын халайық.
Балалар: Қане достар, қане достар.
Шырқап әнге салайық.
Хор: « Көктем келді» әні
Мархаббат. Наурыз келді еліме.
Наурыз келді жеріме
Байлық, бақыт тілеймін!
Бүкіл қазақ еліне!
Айдарбек. О, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді.
Бірге қарсы алайық!
Шырын. Көктем келді, құс келді.
Күн ұзарды, түн қысқарды.
Нұрсәнім. Көктем келді су ақты.
Күннің көзі шуақты.

Ұлболсын.
Арпа, бидай, тары бар.
Қатық, малта тағы бар.
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде, бәрі бар.
Ә. Ислам.
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз.
Би билейміз бәріміз!
Мағжан.
Наурызбен құттықтап,
Алыс, жақын қауышты.
Мират. Көктемдегі жарқын сәт.
Көңілдерге ауысты.

Нұрислам
Бата беріп атамыз.
Бата беріп әжеміз.
Тәтті болып жасаған.
Көжеден дәм татамыз.

Хор: «Дастархан» әні.

Жұмажан
Наурыз тойы әдемі
Алихан Әжем еске түсірді \
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.

Еркеназ
Кел балалар ойнайық.
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық.

Марғұлан
Келді Наурыз жар салып.
Би билейік ән салып.
Жылда келсін Ұлы күн.
Тұрайық есен қарсы алып.

Иманғали
Армысың наурыз
Қуаныш бол кір төрлет.
Ел болып саған.
Көрсетіп жатыр сый құрмет!
Саян. Наурыз келді бақытым
Кемелденген уақытым.

Раян.
Жарқын өмір жаңаша
Наурыз тойым тамаша.

Мейірбек
Әкел наурыз ырыс құт
Әлемде той тыныштық.

Н. Ислам
Ата - бабам тойлаған.
Наурызым, армысың.
Қызығыңа тоймаған.
Дархан дала қарлы шың.

Райымбек. Күттіріп келген жыл басын
Бізбен бірге тойлашы
Дастарханға елімнің.
Береке ырыс сыйлашы.

Ақторғын
Сәнді көктем нұрымен.
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын.
Наурыз тойы тойлансын.

Мөлдір
Наурыз – достық.
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.

Ақылбек
Жыл басы - Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.

Хор: «Кең дала» әні

Ұлжан. Наурыз бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкесін.

Нұр себеле – Әз Наурыз! жүктеу
3 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің, Әз Наурыз!
Қош келдің, Әз Наурыз!
Баяу самал еседі, Сиқырлы қобыз секілді, Үлкендер де жастар да, Наурызға асығып келеді. Келіңіздер, келіңіздер! Бәйге мен айтыс болады, Осы мейрамда көрсетіңдер, Бойдағы бар өнерді.
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×