Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

23 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөз және оның құрамы туралы түсініктерін қалыптастыру. Қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні туралы алғаш түсінік беру. Қосымшалардың әр түрлі қызмет атқаратынын түрлі жаттығулар орындату арқылы меңгерту.
2. Ауызша және жазбаша тілдерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Салауатты өмір салтын сақтауға, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік,«Топтастыру»,«Ой қозғау» стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүние тану.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, кесте, қима қағаздар, ойын құралдары, ойыншықтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Түбір мен қосымша» тақырыбы бойынша білімдерін бақылау мақсатында сұрақтар беру. «Үй құрастыру» ойын - тапсырма.
Түбір дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не? Қосымшаның атқаратын қызметі.«Қыстағы еңбек түрлері»,«Қыстық ойын түрлері» тақырыбына сөйлемдер құрау. «Қой» сөзіне қосымша қосып айт.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жұрнақ пен жалғау. Кестемен жұмыс.
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын - ойыншы.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын - ойынға.
2. Оқулықпен жұмыс.
330 - жаттығу. Қосымша жалғанған сөздерге сұрақ қою. Мағыналарының өзгерген, өзгермегенін байқау.
Бүркітші, бүркіттер, бүркітпен, бүркітті.
Суға, суды, сусын.
Тазалық, тазала.
331 - жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазу. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндіру.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Сергіту сәті.
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт - құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп - жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы
Ақ жібектің түріндей.

332 - жаттығу. Сөздерге жұрнақ жалғап оқу. Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Дос, іс, жұмыс.
333 - жаттығу. Жұрнақ жалғанған сөздерді бір бөлек, жалғау жалғанған сөздерді бір бөлек топтап жазу.
Батырлық, ғалымның, іскер, көмірді, көлшік, әжем, биші, дәптері, бастық, бидайды.
ІV. Қорытынды.
Ойын: «Аққала жасау».
- Балалар, қыстағы ең қызық ойындардың бірі аққала жасау. Ол үшін қолымызға қолғап киюіміз керек.
Қолғаптың сыңарын табу: ән - ші, ұшақ - қа, бала - лар, жылқы - шы, үй - дің, өнер - паз.
Аққала құрастыру. Аққала бөлшектерімен жұмыс.
1 - сұрақ: Жұрнақ дегеніміз не?
2 - сұрақ: Жалғау дегеніміз не?
3 - сұрақ: «Өз орныңды тап» ойыны. Түбір, жұрнақ, жалғаудың шартты белгісі бойынша оқушылар сөздерді сахналап көрсетеді.
Сөздер: Мүсіншілер, сауыншының, етікшіден, кітап, саяхатқа, саяхатшыларға, оқушылар, оқушы, оқу, жылқышылар, ағаштар.
V. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
334 - жаттығу. Төрт түлік тақырыбына пайымдау мәтінін құрау.
28 175
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×