Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

21 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысты
№15 мектеп - интернатының
бастауыш сынып мұғалімі
Турдалиева Рысгүл Бақытнұрқызы

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау 297 - 301 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: 296 - жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. Ребустың шешуі: Татулық
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.

Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. жұрнақ пен жалғауды бір - бірінен айыра алу;
2. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

Оқулықтар сөзін бір жолға жазғызып, түбірі мен қосымшасын айыру. (Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

297 - жаттығу.
1. Мысалды оқы.
2. Қарамен берілген сөздердің жалғауларын тап.
3. Осы сөздерді жалғаусыз айтып көр.
4. Ұлуды сипаттап бер.

298 - жаттығумен жұмыс.
1. Көп нүктенің орнына - дан, - тің, - ты, - лар, - тан, - ның жалғауларының тиістісін қойып көшіріп жаз.
2. Жалғау не үшін керек?
3. Кітап туралы мақалдар.

Сергіту сәті.
299 – жаттығу орындалады.
Мал, біл, жаңа, ұш
- Мүсіншілер, сауыншының, сауыншыға, сазгермен, етікшіден, жаңалықты, білімдіге, ұшқыштар.

Ереже: Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады:
Пысықтау мақсатында 300 - жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау.

Сыныппен жұмыс.
Түбір+жұрнақ+жалғау сызбасына сәйкес мысалдар жазу.
- шы, - ші, - лық, - лік қосымшаларын қосу арқылы жаңа сөз жаса. Бұл қандай қосымшалар?
- ды, - ді, - ны, - ні қосымшаларын қосу арқылы сөздер жаз. Бұл қандай қосымшалар?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 301 - жаттығу. «Медеу мұз айдынында» тақырыбына әңгіме құрау және ереже жаттау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
13 425
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сөз және оның құрамы
Сөз және оның құрамы
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Мейрамкул Елемесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×