Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып сабақ топтамасы

13 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Тымақ
2. Құстардың жазғы тіршілігі

Тақырыбы: Тымақ. 61 - 62 жаттығу
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру. Буын жайлы білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3. Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сөздік – көрнекілік.
Түрі: саяхат сабақ.
Көрнекілік: кесте, суреттер, сыпайы сөздер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

Қызығушылығын ояту:
Балалар, біз бүгін «Сыпайы сөздер» еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатта әр түрлі елдерге барамыз. Ол елдерге баратын көлікті таңдап аламыз. Көліктерге билет алу үшін тапсырмалар орындауымыз қажет. Қане, көлік түрін таңдадыңдар ма?
Балалар көлік таңдайды. Саяхатқа автобуспен шығамыз.
Сыпайылық дегеніміз сәлем беруден басталады. Ендеше бірінші баратын еліміз.
І. «Сәлем бере білейік» елі. Ол үшін үй тапсырмасын тексереміз. Үйге берілген тапсырма «Не деу керек?»өлеңін жаттау. Оқушыларды 1, 2, 3, 4 топқа бөліп жаттату.

ІІ. «Рақмет»елі. Оған бару үшін ұшаққа мінеміз. Билет алу үшін тапсырма орындау қажет. Ойын «Буынға бөле білеміз бе?» Суреттерді көрсету, сөздерді буынға бөлу.

ІІІ. Келесі баратын еліміз «Кешіріңіз». Билет алу үшін бұл сөздің мағынасын қалай түсінетінін тексеру. Билетті пойызға аламыз.
Жаңа сабақ.
Тымақ – мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты дүрия, шағи, пүліш, барқыт, т. б. матамен тысталады.

Тымақ мәтіні ( дауыстап, іштей, тізбектей ) оқылады.
ІV. Келесі ел «Рұқсат па?» Кемеге мінеміз.
60 - жаттығуды орындау.
1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.
2. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, бағандағы көрсетілген тиісті сөздерді астына жазыңдар.
3. Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар. Дауыссыздардың буын басында келгенін байқаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 669
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны және цифры.
2 саны және цифры.
2 саны туралы түсініктерін қалыптастыру. 0 - ден 2 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Тұсбағар
Тұсбағар
Тұсбағарды пайдалану тәртібімен таныстыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқағыштыққа, өз беттерімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
2 – ге көбейту кестесі
2 – ге көбейту кестесі
«Тараз қаласы, М. Мәметова атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі: Бектібаева Жұлдызай Икарамқызы
7 саны және цифры
7 саны және цифры
Қарғанды облысы, Қарқаралы қаласы, №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Не деу керек? Буын
Не деу керек? Буын
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×