Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таулар

01 маусым 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану пәні 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Таулар
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Таулар, олардың пайдасы, Қазақстан таулары жөнінде түсініктер беру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың ақыл - ойын, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, слайдтар, суреттер, өлеңдер

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударту. Сабақтың сайыс түрінде өтетінін хабарлау. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
I топ -"Алғырлар"
II топ -"Тапқырлар"
III топ -"Білгірлер
Оқушылардан қазір қай мезгіл екенін сұрау. Күздегі табиғат құбылыстарын, жапырақтың неге сарғаятынын сұрау. Сайыстың ұпай сандарын күзгі жапырақтармен саналатынын ескерту.

II. Үй тапсырмасын сұрау. Бұл бөлім "Кім білгір?"деп аталады.
а) Оқушылардан "Жазықтар"тақырыбын сұрау
б) Үй тапсырмасын қорыту барысында"INSERT"стратегиясын толтыру
Білемін Білмеймін

Мұғалім сұрақтар оқиды. Оқушылар жауаптарын білсе "Білемін"деген кестені толтырады, білмесе
"Білмеймін" деген кестеге белгі салады. Сұрақтары:
1. Құрлық бетінің тегіс алқабы
2. Жазық түрлерін атау
3. Жазықтардың пайдасы
в) Интерактивті тақтадан жазық суреттерін көрсету, үй тапсырмасын қорыту.
III. Жаңа сабақ.
а) Жұмбақ жасыру.
Үлкен - үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.
(ТАУ)
ә) Дәптерге күн жадын жазып, бүгінгі сабақтың тақырыбын жаздырту.
б) Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі
биік таулар, аласа таулар
в) Слайдтан Ұлытау, Тянь - Шань, Көкшетау суреттерін көрсету.
г)"Кім тапқыр?"бөлімі. Қазақстанның физикалық картасынан таулардың орналасқан жерін тез табу. 1 топ - Сарыарқа таулары
2 топ - Алтай таулары
3 топ - Тянь - Шань тауы
ғ) Сергіту сәті. Тақтадан "Алтай таулары"деп аталатын видео көрсету.
д)"Кім жылдам?" бөлімі. Берілген сұрақтарға жауап беру
- Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын атау.
- Биік тау мен аласа таудың айырмашылығы.
- Таудың шаруашылық үшін маңызы.
е)"Ойна да, ойла"Бұл бөлімде әр топ өзіне берілген таудың биіктігін разрядтық қосылғыштарға
жіктейді және картадан тез табады.
1 топ -"Ұлытау"тауы - 1134м=1000+100+30+4
2 топ -"Алтай" тауы - 4506м=4000+500+6
3 топ -"Хан Тәңірі" тауы - 6995м=6000+900+90+5

IV. Ұғымдарын байқау.
а)"Ой - толғаныс"
ә) Оқушылардан тау туралы өлеңдер сұрау.
1 топ - І. Жансүгіров "Көкшетау"
2 топ - И. Байзақов "Алтай"
3 топ - Ж. Жабаев "Таулар"

V. Үй тапсырмасын беру.
"Таулар "тақырыбын оқу. Тау суретін салып келу.
VI. Бағалау. Әр топтың ұпай сандарын анықтау, сабаққа қатысқан балаларды бағалау.
VII. Қорытындылау. Тақтадан "Талаптарың таудай болсын!"атты сөз шығару.
Сабақтың аяқталғанын хабарлау.
17 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары»
Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары»
Ел, жер тау – тасын білу арқылы әсемдікті түсіндіру. Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасау отырып, мәнерлеп оқуға, жазуға дағдыландыру.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит түбін зерттеу әдістерімен таныстыру.
Аласа таулар
Аласа таулар
Оқушыларды аласа таулармен таныстыру Оқушылармен техникалық нұсқау картасы және плакат бойынша жұмыс жасап, білім сапасын көтеру. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру,
Қадыр Мырза Әли "Күз"
Қадыр Мырза Әли "Күз"
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті, №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаршығаева Нұргүл Базарғалиқызы
Таулар
Таулар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Есмурзаева Лазда Адсадыковна
Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
Абдиев Ербол Сейсенбекұлы №197 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Қызылорда қаласы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×