Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар

09 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 6 сынып
Тақырыптар:
17 - сабақ. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар.
18 - сабақ. №2 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы
19 - сабақ. Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым
20 - сабақ. Ауаның температурасы. Ауадағы су буы. Тұман мен бұлт
21 - сабақ. Атмосфералық жауын - шашын. Жел


Сабақ:
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит түбін зерттеу әдістерімен таныстыру. Оқушыларды жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау шараларымен таныстыру. Алған білімдерінің негізінде оқушыларда табиғат байлықтарына ұқыпты қатынас қалыптастыру.
Дамытушылық: Тереңдік шкаласын пайдаланып, мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтау.
Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: мұхиттар мен ттеңіздер, тау жыныстарының әр түрлілігі
Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы
1. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2. Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.
3. Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Құрлықтағы таулардың пайда болуына қандай күштер әсер етті? 2) Құрлықтағы жазықтар қалай пайда болады? 3) Мұхит түбінде таулар мен жазықтар бар ма? Бар болса, неліктен? Мұхит түбін және оның тереңдігін зерттеу неліктен қажет болды? Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:
1. Мұхит түбін зерттеу.
2. Мұхит түбіндегі таулар.
3. Мұхит түбіндегі жазықтар.
4. Жер беті – табиғаттың ең басты байлығы. Адам өз іс - әрекетінде жердің табиғат байлықтарын қалай пайдаланады?
4. Қазба байлықтар – жер қойнауының негізгі қоры.
5. Жер бетін ұтымды пайдалану.
6. «Елің бай болсын десең, жеріңнің бабын тап»
7. Табиғатты қорғау – мемлекеттік іс.
- Оқулықты, карта, суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Картадан мұхит түбіндегі таулар мен жазықтарды көрсету
Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.

4 Тақырыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) екі нұсқаға тапсырмалар беріледі: І нұсқа – экваторды бойлай Оңтүстік Америка жағалауынан Африка жағалауына дейінгі Атлант мұхитының тереңдігі қалай өзгеретініне назар аударып сипаттаңдар;
ІІ нұсқа - 30˚ с. е. бойынша Африка мен Аустралия жағалауларының арасындағы тереңдіктерді анықтаңдар; 2) сендер тұратын аймақта қандай қазба байлықтары өндіріледі? Қазба байлықтарды өндіру қандай экологиялық проблемаларды тудырады? Егін және мал шаруашылығының пайдасы қандай? Қазақ халқының жер бетін қорғауға арналған қандай салт - дәстүрлерін айта аласыңдар? Жер бетін қорғауға арналған қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

5 Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

6 Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

7 Үй тапсырмасына §§25 - 26. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 440
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
География терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит ағыстары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит ағыстары
Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуы туралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.
Аласа таулар
Аласа таулар
Оқушыларды аласа таулармен таныстыру Оқушылармен техникалық нұсқау картасы және плакат бойынша жұмыс жасап, білім сапасын көтеру. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру,
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г. Қ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×