Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сын есім

08 тамыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты:
1. Дара және күрделі сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
2. Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөл отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Оқушылардың бойында жануарға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Көрнекі – құралдар: интербелсенді тақта. қима қағаздар, оқулық
Қолданылған әдістер: Дамыта оқыту технологиясының әдістері

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне, балалар, кемеңгер, ғұламаларымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру Жаттығудың орындалуы
Тірек білімдерін жетілдіру
Сын есім дегеніміз не? Олар қандай сұрақтарға жауап береді?
1. Сын есімдер құрамына қарай қалай бөлінеді?
2. Сын есім қандай сөз табымен байланысты?

ІІІ Жаңа тақырыпты игерту.
Тақтада берілген екі бағандағы сөйлемдерге назар аударайық.
Мәреге торы ат бірінші келді.
Мәреге торы ала ат бірінші келді.
Менің анам ажарлы кісі болатын.
Менің анам аса ажарлы кісі болатын.
Бақшада үлкен қызанақтар өсіп тұр.
Бақшада үлкен – үлкен қызанақтар өсіп тұр.
Екі бағандағы сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сын есімдерді салыстыру.
Бірінші бағанда бір сөзден құралған.
Екінші бағанда екі сөзден құралған.
Осыдан қандай қорытынды шығарамыз?
Сын есімдер дара және күрделі болады.
Дара және күрделі сын есімдердің өзіне тән белгілері болады екен.
Әртүрлі жаттығу, тапсырмаларды мұқият орындау арқылы білетін боласыңдар.

Оқулықпен жұмыс / ауызша /
«Боксшылар» мәтінін оқу. «Боксшы» аталу себебі неде? Бокс ненің түрі? Қандай боксерлерді білесіңдер?
Мәтіннен сын есімдерді тауып, салыстыру. Егіз, көмірдей қара, жылтыр, тықыр жүнді, әдемі, үлкен, кішкентай, көрші.
Күрделі сын есім сөздері жеке жазылады.

Сергіту сәті
3 - жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу. Қошқарды сипаттап тұрған сын есімдерді ата.
Күрделі сын есімдер неше сөзден құралған?
1 шумағын көшіріп жазу. Сын есімнің астын сызу.

Қорыту. Күрделі сын есімдер бірнеше сөздер тіркесіп те жасалады. Яғни, сөз тіркестерінен жасалады.

Деңгейлік тапсырмалар.
І қатар
1. Берілген сын есімдердің дарасын бір бөлек. Күрделісін бір бөлек жаз. Ұзын, сары ала, ақылды, қызыл қоңыр, ауыр, қара ала, жұмсақ, кішкене - кішкене, биік, қызыл сары, жарық, жайлы.
2. Зат есімдерге сәйкес алдымен дара сын есім, содан соң күрделі сын есім таңдап жаз. Көйлек, қария, дала.
3. Жанымда отырған сыныптасыма сипаттама.
ІІ қатар
1. Берілген сын есімдердің дарасын бір бөлек. Күрделісін бір бөлек жаз. Жақсы, дөңгелек, сары, жұмсақ, терең, ақ күмістей, қара ала, ақ ниетті, аласа, тұщы, шыныдай мөлдір, мейірімді, ойлы - қырлы.
2. Зат есімдерге сәйкес алдымен дара сын есім, содан соң күрделі сын есім таңдап жаз. Алма, түйе, қар.
3. Мектепке сипаттама
ІІІ қатар
1. Берілген сын есімдердің дарасын бір бөлек. Күрделісін бір бөлек жаз. Ұзын, ақ мамықтай, жуас, өте ащы, тұнық, аса сыйлы, ақ боз, қатал, шыдамды, білімді, көктемгі, әдемі, биік.
2. Зат есімдерге сәйкес алдымен дара сын есім, содан соң күрделі сын есім таңдап жаз. Кітап, мектеп, бөлме.
3. Қазақстан еліне сипаттама

Сергіту сәті. «Мен қандаймын?»
Әр оқушы өзінің атының бірінші әрпіне сәйкес сын есім қосып айтады.

Рефлексия
«Кім жылдам?»

Дыбыс таңдау Сол дыбыстан басталатын дара сын есімді табу. Келесі оқушылар сөз тіркестіру арқылы күрделі сын есімге айналдырып жазады.
А ақылды - өте ақылды
Қ - қадірлі - аса қадірлі
Т - таза - тап - таза

Қорытынды. Сонымен бүгінгі сабақта не білдік? Не игердік?
Сын есімдердің түрлері.
Қалай жасалады? Жазылуы.
Сын есімдерді қашан қолдануға болады?
Адам өз ойын толық, түсінікті, әсерлі жеткізу үшін сөздік қоры мол болуы керек. Ол үшін әдеби кітаптарды көп оқу керек. Сөйлегенде әр сөзде орынды тиімді пайдалана білу керек.

Дара сын есімдер Күрделі сын есімдер
Жасыл, биік,
қалың, таулы,
ащы, кең, таза
Күрделі сын есімдердің жасалуы
Сөздердің қосарлануы арқылы Тұп - тұнық, қызылды - жасылды, үлкен - үлкен
Сөз тіркестері арқылы Қызыл ала, орта бойлы, қалың қарағайлы, кең пейілді

Үй тапсырмасы: 1. 130 бет. 5 - жаттығу.
2. Эссе. «Менің анам» сын есім түрлерін қатыстырып жазу.
3. Ережені жаттау
Бағалау
16 981
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Дара, күрделі сан есімдерге мысалдар келтіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрау.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөл отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету; Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қапиза Оразбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×