Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сан есім

21 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету;
2. Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:, цифрлар, нақыл сөздер, слайд.
Әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, дүниетану, математика, әдебиеттік оқу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту, ойын сабақ

Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту. (Слайд 1, 2)
а) Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
- Кемеңгер ғұлама ақын - жазушыларымыздың тілі, туған тіліміз - қазақ тілі сабағын бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қайталау - білім анасы»
Сөз неден құралады?
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
“ Достық” сөзінің түбірін айт
Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
« Тілдер күні» мерекесін қашан атап өттік?
Мәтіннің неше түрі бар?
«Ойға түстім, ойландым»
Кім шапшаң? Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек, 1үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?
Миға шабуыл
жеті қазына
жеті ата
жеті күн
жеті шелпек
жеті жұт
Оқулықпен жұмыс
9 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Сан есімдерді байланысты сөзі -
мен қоса теріп жаз.

Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
1, 2, 3 - қарлығаш боп ұш
4, 5, 6 - қарлығаш боп қалқы
7, 8, 9, 10 - қарлығаш боп қон
“Жеті” саны туралы не білеміз?
«Білімдіге дүние жарық»
10 - жаттығу.
Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.
Сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қой. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
11 - жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Олардың қай сөз табы екенін айт.
12 - жаттығу
Ребусты шеш. Мақалдың мәнін түсіндір.
13 - жаттығу
Көп нүктенің орнына сан есім қойып жаз. Сан есім сөйлемнің
қай мүшесі болып тұр? Сөйлемдегі сөздердің арасына неліктен сызықша қойылған?
14 - жаттығу
Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.
Жеті жұрттың тілін біл...
15 - жаттығу
«Кім тапқыр?»ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз.
«Жетінші қысқы Азиада» туралы айту
«Сәулең болса кеудеңде»
«Әлемнің жеті кереметі» туралы айту
Венн диаграммасы
Сабақты бекіту
Сан есім деген не?
Дара сан есім деген не?
Күрделі сан есім деген не? мысал келтір.
Сабақты қорытындылау.
“Біздің нақты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған
30 мемлекетінің қатарына қосылу”
Н. Ә. Назарбаев
Ол үшін елімізге білімді
өнерлі
сымбатты
әдепті
дені сау
елін сүйетін
патриот
азамат болып өсулерің керек. Ел ертеңі бүгіннен басталады.
Үйге тапсырма: 16 - жаттығу. 203 бет
Бағалау.
Не білдім?
4 354
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Дара, күрделі сан есімдерге мысалдар келтіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрау.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөл отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қапиза Оразбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×