Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмбақтар сыр шертеді

09 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жұмбақтар сыр шертеді.
Мақсаты: Жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту; шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интеративті тақта.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір - біріне сәттілік тілеп тілектер айтады.
2. Сайыстың өту барысы.
«Жұмбақтар сыр шертеді» атты сайысымыз мынадай бөлімнен тұрады.
♦ Сөзжұмбақ шешу.
♦ Кім жылдам?(Әр топ ұяшық таңдап, сұрақтарға тез жауап беруі тиіс.)
♦ Үй тапсырмасы (Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.)
♦ Сурет жұмбақ (Ұяшықты таңдайды, суреттің төрттен бір бөлігі ашылады, қалған суретті өздері табады, сол суретке байланысты жұмбақ жасырады)

Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
Сайысқа қатысушылар «Алғырлар», «Білгірлер» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың әділ бағаларын беретін қазылар алқасы тағайындалады.

1. Бөлім: Сөзжұмбақ шешу.(Алғырлар тобына)
ЖҰМБАҚ
1. Төрт түліктің бірі.(жылқы)
2. Не көрсең көзін аш?(бұлақ)
3. Тышқанның жауы.(мысық)
4. Араның қорегі.(бал)
5. Періште не көрсе жолдан таяды?(алтын)
6. Тамақ ішетін құрал.(қасық)

2. Сөзжұмбақ (Білгірлер тобына)
ЖҰМБАҚ
1. Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық)
2. Әже айналдыратын таяқ (ұршық)
3. Жеті қазынаның бірі (мылтық)
4. Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)
5. Көктемнің бірінші айы. (наурыз)
6. Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық)

2. Бөлім «Кім жылдам?» ойыны
Айналадағы дүниелер:
10ұпай: Төрт түліктің бірі (сиыр);
20 ұпай: Сырты сары, іші дәрі (лимон)
30 ұпай: Қыста демалып, жазда тынбайды, Көкке атылып, жерге құлайды. (субұрқақ)
40 ұпай: Алып баланың атымен аталған тау (Толағай)

Әріпті жұмбақтар:
10 ұпай: Қар да бар, Мұзда жоқ.
Жарда бар, Құзда жоқ.(Р әрпі)
20 ұпай: Өмірде жоқ, Өңірде бар.
Ауырда жоқ, Жеңілде бар (ң әрпі)
30 ұпай: «Ащы»дейсің қазақта, Келу үшін осы әріп.
Құрық жалғап азапқа, Түсті «ш» - ға дос әріп. (Щ әрпі)
40 ұпай: Дыбысы жоқ өзінше, Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер, Өзге әріпті көзіңше (Ъ белгісі)

Жан - жануарлар:
10 ұпай: Алабота тамағы, Шөлге шыдай алады (Түйе)
20 ұпай: Мойны ұзын болғанымен, Әрең жетер төменге.
Теңбіл - теңбіл денесі, Келеді не дегенге? (Керік)
30 ұпай: Суда жүзеді, Тұмсығы ұзын, Махаббат құсы.(Аққу)
40 ұпай: Қанаты бар суда ұшпайтын құс (балық)

Әр түрлі жұмбақтар:
10 ұпай: Бір таудың екі күзетшісі, Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар(бас, көз, құлақ, тіс)
20 ұпай: Екі бала қатар тұрса да, Бірін бірі көрмейді. (Көз)
30 ұпай: Тұмсығы мықты, Ой мен қырды тегістеп шықты (Үтік)
40 ұпай: Біреуін бердім, Оның тердім (Тұқым)

3. Бөлім. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы бөлімінде екі топ бір - біріне үйден дайындаған жұмбақтарын жасырады.

4. Бөлім. Сурет жұмбақ
Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Сол суретке байланысты жұмбақ жасыру керек.

Қорытындылау: Әр топтың жинаған фишкаларына байланысты жеңімпаздарды анықтайды.
12 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар
Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар
Мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке, отаншылдыққа, елжандылыққа, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Жұмбақтар елі (сыныптан тыс зияткерлік ойын)
Жұмбақтар елі (сыныптан тыс зияткерлік ойын)
Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамның бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар арқылы оқушының ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру; шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, бір – бірін тыңдай білуге, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Мүслимқызы
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Жамбыл облысы, Тараза қаласы, №4 "Балдырған" балабақшасы Ансатбаева Света
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×