Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмбақтар әлемі

16 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы:
Қатынас, таным
Бөлімдері: Тіл дамыту, көркем әдебиет, математика.
Мақсаты: Балаларға жұмбақ туралы білім беру. Шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой - өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Оқу іс - әрекетіне деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорын байытып, сөйлемнің дұрыс грамматикалық қатарын құру.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, қимыл - жаттығуларды көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын.
Билингвалды сыңары: жұмбақ - загадка, ертегі - сказка
Мотиациялық қозғаушы.
- Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Шаттық шеңбер.

Күннің көзі ашылды.
Көкке шуақ шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме,
Құрметті қонақтар
2 командаға бөліну
Ұлдар командасы.
Қыздар командасы.
Ал, енді балалар біз оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын қазір қай мезгіл екенін айтып өтейік. Бір жылда қанша мезгіл бар?
Соның қазір қай мезгілі?
Қыс қанша айдан тұрады?
Біз қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өттік?
4 мезгіл бар
Қыс
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Атаулы күндер: 16 - желтоқсан, Жаңа жыл
Ал енді, балалар төрт мезгілге байланысты тақпақ айтайық.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген
Бақша - бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.

Ал, енді балалар біз жаңа оқу іс - әрекетіне көшейік. Бүгінгі оқу іс - әрекеті «Жұмбақтар әлемі».
Енді балалар жұмбақтар әлеміне барайық.
Мына жерде не көріп тұрсыңдар?
Балалар сендер жұмбақтарды шешкенді жақсы көресіңдер ме?
Жұмбақтар әр түрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар көрмесіне шақырамын.

Жыл мезгіліне байланысты жұмбақтарды көріп тұрмыз.
Иә

- Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны шешу үшін ойланып, не туралы жасырылғандыған табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сөзбен айтылады.
Балалар үстел үстіндегі жұмбақ көрмесіне назар аударып, қызыға қарайды.

1 - айналым. Ойын
Ал енді, балалар бізге жұмбақ түсінікті болса, төрт мезгілге байланысты бір - бірімізге жұмбақ жасырайық. Бір - біріңе төрт мезгіл туралы айтып өттіңдер. Сол төрт мезгіл туралы қандай жұмбақ білеміз?
Жұмбақ

Қыздар командасы.
Аяна: Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады?
(Қыс)
Қыс ерекшелігін сұрау.
Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Қыста күн суытады. Балалар қардан аққала жасап ойнайды.
Алина: Күн ұзарып қар еріп,
Су сайларға толады,
Бұл қай кезде болады?
(Көктем)
Ертегі туралы айту
Көктем ерекшелігін сұрау.
Көктемде қандай мерекелерді атап өтеміз?
Көктемде күн жылынады, Аналар мерекесін атап өтеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
37 227
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
10 саны мен цифры
10 саны мен цифры
10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Білім беру саласы: Қатынас, таным Бөлімдері: Тіл дамыту, көркем әдебиет, математика. Мақсаты: Балаларға жұмбақ туралы білім беру. Шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой - өрісін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×