Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрегімде жақсылық

18 қазан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Жүрегімде жақсылық»
Мақсаты:
Білімділік: өзара достық, «жақсылық» ұғымдары, адамгершілік құндылықтары жөнінде түсінік беру. Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд
Әдіс – тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау.
Оқу іс - әрекет түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Біздің топта балалар
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
- Балалар бүгін біздер «Алтын жүрек» қалашығына саяхатқа шығамыз. Ол елге бару үшін өз жүрегіміздің қандай екенін білейікші.
«Жүректен жүрекке» шеңбері
«Жүрек жылуы» тренинг
Тәрбиеші: -. Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
- Менің жүрегім қамқоршы
- Менің жүрегім жылы.
- Менің жүрегім қуанышты.Балалардың жауаптары тыңдалады./

Әңгімелеу «Мейірімді балапан» ертегісі
- Балапан нелерді кездестірді?
- Қандай жақсы істерді істеді?
Тыныштық сәті.

Балалар бір сәтке көзімізді жұмып, бойымызға сіңірген жақсы қасиеттерді, жүрегіміздегі жақсылық алауындағы жылуды
тұла бойымызға таратайық.
Балалар біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттер жөнінде әңгімелейміз.
- Балалар «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Жақсы адам – ол қандай адам?
(балалардың жауаптарын тыңдап, тәрбиеші толықтырады)
Балалар, дұрыс айтасыңдар, яғни адам бойындағы жақсы қасиеттер ол – үлкендерге көрсеткен көмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап, мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға қоқыс заттарды тастамау, құстар мен жан – жануарларды қамқор етіп, туған жерге деген сүйіспеншілігі жақсы адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді.
Балалар сендердің бойларыңда осындай қасиеттер бар ма?
(балалардың жауаптарын тыңдайды)

Сендердің жақсы бала екендеріңді сынап, тексеріп, мүмкін бұл сұраққа өздеріңнің іс - әрекеттеріңмен жауап берерсіңдер.
«Жақсылық жасау үшін не істеу керек?»
1 тапсырма
Отбасы мүшелеріне қалай жақсылық жасаймыз?
2 тапсырма
Достарымызға қалай жақсылық жасаймыз?
3 тапсырма
Отанға қалай жақсылық жасаймыз?
4 тапсырма
Табиғатқа қалай жақсылық жасаймыз?
Дидактикалық ойын «Не қажет?»
Шығармашылық жұмыс
Геометриялық пішіндерден құстарға ұя жасау./

«Иә, жоқ» ойыны
Мен бәріне әрқашан,
Көмектесуге дайынмын
Осындай іс болғанда
Мен әрқашан деймін иә - иә - иә!
Үлкендерді сыйлаймыз ба?
Ағаш отырғызамыз ба?
Анамызға көмектесеміз бе?
Балаларды ұрамыз ба?
Інімізді киіндіреміз бе?
Мысықты бағамыз ба?
Құсқа жем саламыз ба?
Ауаны ластаймыз ба?
Гүлге су құямыз ба?
Ұяны бұзамыз ба?
Жақсылық жасаймыз ба?

Дәйексөз «Жақсылық жасау да – бақыт...»

Сергіту сәті
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталады,
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы атқарады.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау менің – сол қолым
Барлық істі атқарады.
Мынау - менің оң аяғым,
Мынау - менің сол аяғым
Жақсылыққа апарады.

« Табиғаттың даналық асыл сөздері»
Әркімге сүйіспеншілік сыйлап, Күндей бол!
Лотос гүліндей бол: Жүрегің әрқашан ашық болсын!
Ағашқа ұқса - Жақсы істер жаса, жасаған ісіңе мақтау күтпе!
Теңіздей бол: - Сенің ойларың таза болсын!
Аққудай бол: Өмірден тек жақсысын таңда, жақсыға ғана қара, жақсыны тыңда және тек жақсылық жаса!
Құмырсқадай бол - Басқалармен бөлісе біл!

Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң судай бол
Бәрін жуып, кетірген.
Біреуге жақсылық етсең –
Ол жақсылықты міндет етпе! (М. Әуезов)

Жақсылық жүрген жерде, таршылық болмайды. Осымен біздің саяхатымыз аяқталды.
Қорытынды.
- Біз «Алтын жүрек» қалашығында не үйрендік?

Жақсы сөз – жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың. Әрдайым жүрегімізде мейірімділік пен жақсылық болсын.
10 180
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүрегімде жақсылық
Жүрегімде жақсылық
Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген
Жүрегімде жақсылық
Жүрегімде жақсылық
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа – жай, бөбекжай - балабақшасы мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Мейірімділік шуағы
Мейірімділік шуағы
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі: Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
Параллелепипед. Тік призма
Параллелепипед. Тік призма
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Құйған ауылы, Н. Бозжанов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Садыков Аскар Садыкович
Достық - татулықтан басталады
Достық - татулықтан басталады
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы
Жақсылық жасау да – бақыт
Жақсылық жасау да – бақыт
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақша директоры Өтесінова Алтынай Ізімбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×