Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсылық жасау да – бақыт

13 наурыз 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Дайындық сыныбы
Тақырыбы: Жақсылық жасау да – бақыт.
Мақсаты: өзара достық, «жақсылық» ұғымдары ,адамгершілік құндылықтары жөнінде түсінік беру,
Көрнекіліктер: сюжетті суреттер, ойыншықтар
Әдіс – тәсілі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбер
Армысың, шапағатты күніміз!
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, Табиғат анамыз!
Әдеппен бас иер баламыз!
Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға,
Қош келдіңіз, біздің балабақшаға!

ІІ. Әңгімелеу
Балалар біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттер жөнінде әңгімелейміз.
- Балалар «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Жақсы адам – ол қандай адам?
(балалардың жауаптарын тыңдап, тәрбиеші толықтырады)
Балалар, дұрыс айтасыңдар, яғни адам бойындағы жақсы қасиеттер ол – үлкендерге көрсеткен көмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап, мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға қоқыс заттарды тастамау, құстар мен жан – жануарларды қамқор етіп ,туған жерге деген сүйіспеншілігі жақсы адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді.
Балалар сендердің бойларыңда осындай қасиеттер бар ма?
(балалардың жауаптарын тыңдайды)

Олай болса, жақсы қасиеттерді дәлелдеу үшін Табиғат Анаға саяхат жасайық себебі, Табиғат біздің анамыз, Біз табиғатқа – панамыз.
(Балалармен кедергілерден өтіп,Табиғат Ана аясына саяхат жасаймыз. Табиғат Ана амандасып, балаларды қарсы алады )
Табиғат Ана, біздің балалар өз бойларындағы жақсы қасиеттерді анықтау мақсатында, сізден көмек сұрап келді.
Барлық тіршілік еткен ағзалардың бойында жағымды қасиеттер болады, онсыз ол тіршілік ете алмайды.
Сендердің жақсы бала екендеріңді сынап,тексеріп, мүмкін бұл сұраққа өздеріңнің іс-әрекеттеріңмен жауап берерсіңдер. Алдымен мен сендерге екі бала «Жақсылық пен Жамандық» туралы мысалымды ұсынамын. Осы мысалды көре отырып, жақсы мен жаманның ара жігін ажырататын боласыңдар.
(балалар «Жақсылық пен Жамандық» мысалын тамашалайды)
Жақсылық досына жақсылықты үйрету үшін Табиғат Анадан көмек сұрайды. Табиғат Ана мысалдан кейін, балаларға сауал тастайды.

Балалар Жақсылық неге көңілді жүреді?
Ал Жамандық ше?
(балалардың жауаптарын тыңдайды)
Балалар, сендер Жамандыққа көмектесесіңдер ме?
Иә, «Жақсылық жасау да – бақыт...»

ІІІ. Ойын «Не істер едің?»
Табиғат Ана ойын ұсынады.
Ойын шарты: суретте көрсетілген жағдаяттарға қойылған сұрақтарға өз ойларын еркін айтып, жауап беру.
Тәрбиелік мақсаты: балаларды жақсы қасиеттерге баулу.

ІУ. Ғажайып сөздер
Мен табиғатты сүйемін,
Табиғатсыз өмір жоқ.
Суды ластамайық.
Орманда от жақпа.
Ағашты сындырма.
Құстарды қорғаймын.
Суды ластамаймын.
Ағашты көп отырғызамыз.
Гүлді жақсы көремін.
Таза ауамен тыныс аламын.
Серуенге көп шығамыз.

Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Ата – анаға қамқор боп,
Асыл мұрагер болайық.
Досымызға берік боп,
Тату-тәтті болайық.
Әдепті де, тәртіпті
Жақсылығын қолдайық.

Жақсылыққа – жақсылық,
Әр кісінің ісі.
Жаманшылыққа – жақсылық
Ер кісінің ісі. (М.Әуезов)

Жақсы болсаң, жердей бол
Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң судай бол
Бәрін жуып, кетірген.
Біреуге жақсылық етсең –
Ол жақсылықты міндет етпе! (М.Әуезов)

Жақсылық жүрген жерде, таршылық болмайды.

Жақсы сөз – жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсы ойлап кісіге,
Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың.

У.Сергіту сәті
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталады,
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы атқарады.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау менің – сол қолым
Барлық істі атқарады.
Мынау - менің оң аяғым,
Мынау - менің сол аяғым
Жақсылыққа апарады.

УІ. Тыныштық сәті.
Балалар бір сәтке Табиғат Ана бауырында тынығайық, бойымызға сіңірген жақсы қасиеттерді тұла бойымызға таратып, жүрегіміздегі жақсылық алауындағы жылуды бір – бірімізге тілек айтып, нұрландырайық.
Ал енді, көзімізді ашып, жақсы қасиеттерді бойымызға дарытып, сезімдерімізбен бөлісейік.
(Табиғат – Ана балаларға жүрекшелер беріп, тілек айтып, қоштасады)

УІІ. Қорытынды
(балалардың алған әсерлерімен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тәрбиеші толықтырады)

УІІІ. Жүректен – жүрекке
Тосын сый, ән «Біз бақытты баламыз.»
17 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Имашева Асем Меирлиевна
Жүрегімде жақсылық
Жүрегімде жақсылық
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа – жай, бөбекжай - балабақшасы мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Жүрегімде жақсылық
Жүрегімде жақсылық
Бастауыш сынып мұғалімі Бекберлиева Арайлым Биржановна
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×