Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

21 қараша 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты: балаларға ауа - райы, оны қорғау, бақылау, ауаның ластануы, ауаны қорғау туралы үйрету.
2. Балалардың танымдық қабілетін, сөйлеуін, ойын ортаға сала білуін дамыту
3. Экологиялық тәрбие беру, табиғатты аялауға баулу.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру
Балалар, бүгінгі ауа - райын бақылап жіберейік.
Балалар, біздер 3 топқа, натуралистер, экологтар, ғалымдар болып бөліндік.
Топ басшылары: --------------
Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырма «Ауа райы», «Климат»

1 - бөлім. Біз не білеміз?
Әр топқа беріледі
1. Ауа райы дегеніміз не?
2. Ауа райын қалай, қайда бақылаймыз?
3. Метеорологиялық станциялар туралы не айтасың?
4. Ауа - райын білу не үшін қажет?
5. Халық ауа райын қалай болжаған?

1. Бір жердегі ауа райының жыл сайын қайталануы нені білдіреді?
2. Климатты түрі нелітен өзгереді?
3. Күн сәулесі жер шаршының қай жеріне тік түседі?
4. Экватордың клтматы қандай.
5. Ауа райын қандай құралдармен бақылаймыз?
1. Экватордан алыс жатқан полюстерде жыл маусымдары арасындағы айырмашылығы қандай?
2. Жылудың таралуына бұлттың әсері қандай?
3. Қазақстан жер шарының қай материгінде?
4. Қазақстанның климаты қандай?
5. Ең суық, ең жылы температура қай айда болады?

2. Жаңа сабақ
Жұмбақ. Ол болмаса ғаламда
Тұншығады,
Жан - жануар, адам да.(Ауа)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ауаның ластануы. Ауаны қорғау»
Кіріспе: «Біздің қонақ» айдарымен 10 «А» сынып оқушысы, «Жас эколог»үйірмесінің мүшесі оқушыларға өзінің ауа туралы пікірін білдіреді және сұрақтар қояды.
Сұрақтары: Балалар, біз тыныс алып жүрген ауа қандай деп ойлайсыз?
Лас ауамен тыныс алғыларың келе ме?
3. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді іштей, дауыстап оқу.
4. Мәтін бойынша балалар өздері қарсы топқа сұрақ дайындап қояды.
5. Дәптермен жұмыс.
Интерактивті тақтаға дөңгелектер шығады. Әр топ қалаған дөңгелегі бойынша тапсырманы орындайды.
1. Ағаш кесілгеннен кейін табиғатқа тиетін зияны.
2. Ағаштардың тигізер пайдасы.
3. Біздің қаламыздың ауасы қалай ластанады?

Сергіту сәті. Жәй музыка ойналып тұрады.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаң да болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның қалай ластанатыны, ауға таралатын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабатының өзін-өзі тазарта алмайтындығы, ол үшін арнайы шараларды жүзеге асыру арқылы қорғауға болатындығы жөнінде мағлұмат беру.
Ауа райы. Климат
Ауа райы. Климат
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Қызылорда қаласы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Ауа райы. Климат
Ауа райы. Климат
Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып отырады .Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×