Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа райы. Климат

29 қыркүйек 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы,
Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл

Тақырып: Ауа райы. Климат
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру.
- Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. Тәжірибе арқылы ауаның қасиетін, қайда болатынын оның түссіз және мөлдір болатынын біледі және ауа райын зерттеу туралы мағлұмат алады.
- Табиғатты қорғауға оны аялауға, ауаны ластанудан сақтауға және оны жақын тани білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, тәжірибе көрсету, сұрақ - жауап, топтастыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Схемалар, интерактивті тақта, тәжірибе құралдары, термометр т. б.
Сабақ өтілетін орны: Мультимедия кабинеті.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру.
Слайд - 1
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы.
Электрон тақтамен жұмыс.
Адам өміріне қажетті 5 жағдайды топтастыру.

Үй жұмысын тексеру. Ауа қабығы.
А) 2 - 3 оқушы тізбектей әңгімелейді.
Ә) Үйден жасап келген рефераттарын қорғайды.
Б) «Бәйге» ойыны арқылы қорытындылау.

Слайд - 2
1. 10. Ауа қабаты деген не?
2. 20. Оның жерге әсері яғни қорғаныш болу себебі?
3. 10. Аққан жұлдыз деген не?
4. 30. Таудың басы мен етегіндегі ауа өзгерісі?
5. 40. Ауа мен тіршілік иесі арасындағы байланыс туралы не айтасың?
6. 30. Айдағы температура мөлшерін айт, себебі не?

Олай болса біз сусыз тіршілік жоқ десек те, судан да маңызды ауа тұр екен. Сусыз адам бірер апта тіршілік ете алса, ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете алады екенбіз.
Слайд – 3. Біз ауаның қандай қасиеттерін білеміз?
Топтастыру.
сығылады
көрінбейді
серпімді
жануды қолдайды
түссіз
мөлдір

Тәжірибе:
• Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның сығылуы.
• Допты еденге ұру, қайтара ыршуы - бұл серпілуі.
• Шырағдан жағып оны банкамен жабу - ауа тұншығады, жануды қолдауы.
• Стаканға су құйып, бірер минут қойсақ, оны қабырғасынан бүршіктер пайда болғанын көреміз, бұл ауа.

Слайд - 4.
Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Түсі бар көрінбейді
Біртұтас бөлінбейді
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан жерінбейтін.
2. Адам өміріне қажетті бір жағдай?
3. Жер серігі?
4. Көптеген ақындар осы жазыққа арнап ән салған, Құрманғазы күй шығарған?
5. Жібек жолының оңтүстігі қандай теңізбен аяқталады?
6. Дүние жүзіндегі ең терең көл?
7. Қазақстан дүние жүзінде жер көлемі жағынан нешінші орында тұр?

- Ерекше тор көзден қандай сөз көріп тұрсыңдар?
- Ауа райы.

Кіріспе: Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып отырады. Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз. Ауа райы ғылымы өз атауын гректің «метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Ал климат – бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді. Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші, көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды. Тіпті сен сабаққа келуің үшін де аса қажет.

Кітаппен жұмыс.
- Тізбектей оқыту.
- Іштерінен оқып шығу
Слайд – 5. Ауа райын болжау түрлері.
Кедендік аудандық аумақтарда -
- 12 сағаттан 7 тәулікке дейін болжау,
- бір айлық ауа райын болжау,
- он күндік ауа райын болжау,
- бір маусымға болжау.

Слайд – 6. Дәптермен жұмыс.(жазып алады)
Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған?
 Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
 Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуы болды.
 Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады.
 Түтін жер бауырлап ұшса, қар жауады.
 Ай қораланса, алда жылы болатынды білдіреді деген екен.

Слайд – 7.
Шартты белгілермен таныстыру.
Слайд – 8.
Апталық ауа райы болжамы.

Слайд – 9.
Сабақты қорыту.
- Ауа райы деген не?
- Ауа райының көрсеткіштерін санамалап айтып бер?
- Ауа райын бақылау не үшін қажет?
- Ауа райының қандай құбылыстарын білесің?
Үй жұмысы: Тақырыпты әңгімелеу, екі күндік ауа райын біліп, салыстырмалы түрде айту.
Алған ұпай саны бойынша бағалау.
32 080
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
Ауа және ауа райы
Ауа және ауа райы
Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру
Ауа райы. Климат
Ауа райы. Климат
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қартбаева Ақсырға
Су. Судың қасиеттері
Су. Судың қасиеттері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік селосы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есенова Бақытгүл Қалыбайқызы
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×