Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығару

01 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығару.
Оқушылармен математикалық диктант ауызша есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Көктем мезгіліне байланысты салынған суреттердің артындағы есептерді шығару және оны ақ қағаздың бетіне бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I - Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Бүгін сендердің көңіл күйлерің қалай?
- Жақсы, көңілді.

II - Ал енді балалар біз сендермен математикалық диктант орындаймыз. Ауызша.
1. Бірінші қосылғыш 7, екінші қосылғыш 1. Қосындыны тап.
2. Азайғыш 5, айырма 4, азайтқышты тап.
3. Азайғыш 7, азайтқыш 2, айырманы тап.
4. Екінші қосылғыш 3, қосынды 8, бірінші қосылғышты тап.
5. 5 шығу үшін 1 - ді қандай санға артыру керек?
6. 4 шығу үшін қандай саннан 1 - ді азайту керек?
7. 7 шығу үшін 6 – ға нешені қосу керек?
8. 6 санының 5 – тен нешеуі артық?
9. 6 мен 8 – дің, 7 мен 9 – дың арасында қандай сан тұр.
10. 5 – тен кейінгі санды атаңдар. Ол бестен нешеге артық?

III – Ал енді балалар мына тақтада не көріп тұрсыңдар?
– Ақ қағаз.
– Дұрыс.
– Осы ақ қағазға аппликация арқылы суреттер салайық. Тақтада дайын әр түрлі суреттер тұр. Сол суреттерді ақ қағаздың бетіне желімдеуіміз керек. Осы суреттердің артында тапсырмалар берілген, сол тапсырманы дұрыс орындасақ қана желімдейміз. Сонда бұл сурет қандай екенін біле аламыз. Әр суреттер сандармен нөмірленген.
№ 1 – есеп. 1. (киіз үйдің артындағы тұрған тапсырма).
А) Суретте 8 алма және 5 құлпынай бейнеленген. Алмалардың нешеуі артық?
Алма - 8
Құлпынай – 5
Нешеуі артық -?
8 – 5 = 3
Жауабы: 3 алма артық.
Ә) Суретте 8 алма және 5 құлпынай бейнеленген.
Құлпынайдың нешеуі кем?
Алма – 8.
Құлпынай – 5
Нешеуі кем?
8 – 5 = 3
Жауабы: 3 құлпынай кем.
№ 2 – есеп. Күн сәулесінің артындағы тапсырма.
1+2=3
8+2=10
5+2=7
7+2=9
6+2=8
3+2=5
№ 3 – есеп. Аспандағы бұлттың артындағы тұрған тапсырма.
Сандарды ретімен оқы. Араласып кеткен сандарды
өсу ретімен оқы.
Өсу ретімен: 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10.
Араласып кеткен сандарды кему ретімен оқы.
Кему ретімен: 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0.

IV № 4 – есеп.
Тау бейнесінің артындағы тапсырма.
Кроссворд шешу:
9 – 5 = + 2 = - 3 = + 7 = - 4 = +1=7
7 – саны шықты. 7 – саны қазақ халқында киелі сан деп есептеледі және көп нәрсені байланыстыра айтады.
Бұл жеті күнді білдіреді. 1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күні. 5. Ауыр күні. 6. Соңғы күні. 7. Азыңа.
1. Дүйсенбі. 2. Сейсенбі. 3. Сәрсенбі. 4. Бейсенбі. 5. Жұма. 6. Сенбі. 7. Жексенбі.
Жеті ата: 1. Ата. 2. Әке. 3. Бала. 4. Немере. 5. Шөбере. 6. Шөпшек. 7. Немене.
Жеті қазына: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл – білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы \ит\.

V Ойын: Жемістер салаты.
Алма, құлпынай, банан. Оқушылар екі – екіден алма,
құлпынай, банан болып шығады. Бір оқушы жемістер салаты болады. Ол оқушы ортада тұрады. Қалғандары орнында отырады. Ортада тұрған оқушы алма дегенде
алмалар орындарын ауыстырып тұрады да, ортада тұрған оқушы да орнын ауыстырып тұруы керек. Ортада қалып қойған оқушы ортада тұрады. Алмұрт дегенде орындарын ауыстырады. Банан дегенде орындарын ауыстырады. Ал жемістер дегенде барлық оқушы орындарын ауыстырып отыруы керек. Ойын солай жалғаса береді.

VI № 5 – есеп.
Гүлдер бейнесінің ішінде жазылған сандарды салыстыру:
5 < 10
1 < 9
№6 – есеп.
Жол бейнесінің артындағы тапсырма:
Кесінділердің ұзындықтарын өлше. Қызыл кесінді көк кесіндіден неше сантиметр қысқа?
Қызыл кесінді 3см, көк кесінді 5см.
5см – 3см = 2см
Қызыл кесінді, көк кесіндіден 2сантиметр қысқа.

VII Қорытынды:
- Ал енді балалар, сендер ақ қағаздың бетін
қандай бейнені бейнеледіңдер? - Көктемнің бейнесі. – Дұрыс.
Осы көктемнің бейнесін бейнелеу арқылы есептер шығардық.
- Күннің сәулесінде неше дөңгелек бар? – 1 – еу.
- Неше үшбұрыш бар? - 6 – ау.
- Бұлттардың бейнесі қандай сызық? – Тұйықталған.
- Киіз үйдің есігі қандай фигура? - Тік төртбұрыш.
- Жол қандай сызық? - Түзу.
- Гүлдердің бейнесінде қандай фигураны көріп тұрсыңдар?
– Дөңгелек.
VIII Қатысқан оқушыларды бағалау
12 856
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосылғыштар. Азайғыш. Азайтқыш
Қосылғыштар. Азайғыш. Азайтқыш
Қосылғыштар . Азайғыш. Азайтқыш (слайд)
Бақылау және өздік жұмыстары. Математика 3 сынып
Бақылау және өздік жұмыстары. Математика 3 сынып
Математика 3 сынып Бақылау және өздік жұмыстары. Математикалық диктант 1. 36 мен 58 сандарының қосындысының мәні; 2. 90 мен 25 сандарының айырмасының мәні; 3. Бірінші қосылғыш 23, екінші қосылғыш 57. Қосындының мәнін тап.
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Оқушылардың есептей білу дағдыларын қалыптастыру, өткен сабақта алған білімдерін пысықтай түсу, көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау.
Жазбаша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау
Жазбаша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Бастауыш сыныпқа арналған есептер
Бастауыш сыныпқа арналған есептер
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Есептерді шығару
Есептерді шығару
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×