Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

07 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістік және оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ой өрісін, есте сақтау қабілетін, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жұмыс дәптері, тест
Сабақтың типі: Жаңа тақырып
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, жазбаша жұмыс, ізденушілік

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Топтардың аты:
1. Зат есім
2. Етістік
3. Сын есім
4. Сан есім

Психологиялық дайындық
Әрбір адамның алдына қойған мақсаты болады, сол мақсатқа жету үшін көп еңбек етеді. Сол сияқты біздің де алдымызға қойған мақсатымыз бар.
Біздің мақсатымыз: "Білім алу"
Біздің міндетіміз: "Еңбек ету, 5 - ке қолды жеткізу."
1, 2, 3
Бойға жинап күш,
Білімнен біз қашпаймыз.
І. Үй тапсырмасы: Өткенді қайталау

Ережелерді еске түсіру
(үй тапсырмасын интерактивті тақтадан жасырылған ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береміз)
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
2. Дауысты дыбыстардың түрлерін ата. Мысал келтір (жуан, жіңішке)
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Мысал келтір(үнді, ұяң, қатаң)
4. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата. (қ, к, п, с, ф, т, х, һ, ц, ч, ш, щ)
5. Мәтіннің қандай түрлері болады? (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
6. Сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем – аяқталған ойды білдіреді)
7. Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді? (хабарлы, сұраулы, лепті)
8. Лепті сөйлем дегеніміз не, мысал келтір. (лепті сөйлем дегеніміз адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем)
9. Түбір дегеніміз не? (сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз)
10. Қосымша нешеге бөлінеді, оларды ата. (Жұрнақ, жалғау)
11. Қандай сөз таптарын білесіңдер? (зат есім, етістік, сын есім, сан есім)
12. Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің қандай түрлерін білесің? (Заттың атын білдіретін сөздерді за есім дейміз. Жекеше, көпше)

ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық. Балалар, біз бүгінгі сабақта ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Ертеде Сөз табы деген ата болыпты. Атаның төрт баласы бар екен. Затты жақсы ажырата білген соң, үлкен баласын Зат есім деп қойыпты. Екінші баласы үнемі қимылдап жүретін болған соң, оның атын етістік деп қойыпты. Үшінші баласын заттың түрін, түсін жақсы ажырата білгендіктен Сын есім деп қойыпты. Ал төртінші баласы есепке жақын болғандықтан, оның есімін Сан есім деп қойып та. Міне сондықтан сендерді бүгінгі сабақта төрт топқа бөліп отырмын. Біз алдағы сабақты Сөз табы атаның бірінші баласы туралы ақпарат алған болатынбыз..

Жаңа материалдарды оқушыларға «Үн қатпа» ойыны арқылы меңгертеміз. Әр топтан бір – бір оқушы шығып, үн қатпай қимылды көрсетеді, ал бір оқушы сол қимылды сөзбен тақтаға жазады.

Осы суреттегі қимылдарға сұрақ қою арқылы заттың ісін қимылын білдіретін сөздерді табыңдар. Ал балалар, біз суреттегі іс-қимылдарды жаздық, енді қалай ойлайсыңдар, біз бүгінгі сабақта Сөз табы атаның қай баласымен танысамыз?(оқушылардың жауабы: - ЕТІСТІК)
Оқушылар өздері ереже шығару керек.

Етістік дегеніміз заттардың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөздерді айтамыз. Етістіктер не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.
Ал балалар, келесі кезекте мен сендерге жұмбақ жасырамын.
1. Жазда қыдырады,
Қыста тынығады. (Су)
2. Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Күн сөзін топтастырып көрейікші
Күн

Нұрын шашады
шуағын береді
шығады
жарқырайды
Батады

Сергіту сәті: «Қамажай» биі
1 - тапсырма: Оқулықпен жұмыс: 356 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Тоғайда түрлі аңдар болады. Терең шатқалға қояндар жасырынады. Қызыл түлкілер тоғайда жүреді. Тиіндер ағаштан ағашқа секіреді.

2 - тапсырма: Сәйкестендір:
қонды.
жүзді.
жауды.
тасыды.

Сабақты бекіту: Оқушылар конверттің ішінде жазылған сөздер бар. Осы сөздердің ішінен себетке етістік сөздерді тауып саласыңдар. Көгершін, Астана, жинады, айтты, көрді, сүртті, оқыды, қаламдар, мақта, қар, емдеді, секірді, ұшақ, әндер, оқулық, ұйықтады, ашты, жазды, Құлагер, үтіктеді, баптады, шыршалар, қасқыр, ойнады, Есіл, биледі, қашты, ішті, кесті, сайрады, өсті, домбыра, балалар.

Рефлексия:
Үйге тапсырма: 359 - жаттығу. «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құраңдар. Ереже жаттау.
Бағалау:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 328
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құмырсқа мен бидай дәні
Құмырсқа мен бидай дәні
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену, Қолды беске жеткізу.
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
2 – ге көбейту
2 – ге көбейту
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный ауылының ОМ бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Жаттығу жұмысы
Жаттығу жұмысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бегжанова Санжан Мертеевна
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×