Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаттығу жұмысы

28 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы
308 – 311 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Дамытушылық:
Сөйлеу тілін, ой - өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық қабілетін дамыту. Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
3. Тәрбиелік:
Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жан – жануарларды қорғауға, табиғатты сүюге баулу.
Қолданылған технология: « Блум таксономиясы»
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру - ажырату, ойын әдісі
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. а) Сәлемдесу
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбектену арқылы,
«5»- ке қолды жеткізу.
- Жарайсыңдар! Әрине бүгінгі сабақта «5» алатындарыңа сенімдімін. Мен сендерге тағы жұмбақ қойғалы тұрмын.
- Аң - құстардың мекені,
Ағашы оның көп еді.
Шешуін кім біледі? (орман)
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біз бүгін орманға саяхатқа шығамыз. Орманға немен барған ыңғайлы? ( автобуспен)
- Оны неге таңдадыңдар? (Себебі, бәріміз бірге барамыз)
- Ендеше қысқы орманға саяхатымызды бастайық. Балалар, қараңыздаршы қоян біздің жолымызды бөгеді. Ол бізге берген тапсырмаларын орындасақ жолымызды ашатынын айтып тұр. Кәне, берілген тапсырмаларды орындайық.
(Қоянның тапсырмасы «Үй жұмысын тексер».)
4. Үй тапсырмасын тексеру
306 - жаттығу
5. «Ойлы болсаң озып көр» - қоянның тапсырмасы. Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру.

ІІ. Жаңа сабақ. «Блум таксономиясы» бойынша жүргізіледі.
Білім.
(Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру. Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды.)
Слайд 1 Еменшіл сұлыкеш, қызыл кардинал
- Балалар, орманда бізге нелер кездесті? (құстар)
Дұрыс айтасыңдар! Бұл еменшіл сұлыкештер - солтүстік және шығыс қазақстанды мекендейді. Ұясы жердегі шұңқырда, бетін шөппен жауып жасырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 289
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.
Зат есім
Зат есім
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Қызғалдақ
Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Сақтағанова Гүлжан Мұратбайқызы
381 - 384 жаттығу жұмыстары
381 - 384 жаттығу жұмыстары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңсегенова Бақтыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×