Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сын есім

15 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы сабақты бекіту. Ойлау қабілеттерін артыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, талдау.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру:
18 - жаттығу
Қайталау сұрақтары:
Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.
1. Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
2. Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
3. Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
4. Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
5. Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)

І Кіріспе бөлім. Бүгінгі қазақ тілі сабағында дара және күрделі сын есімдермен танысамыз, алған білгендеріңді жинақтап бекітеміз. «Сын есім туралы не білдік?» деген сұраққа жауапты бүгінгі сабағымыздағы тапсырмаларда слайд арқылы орындай отырып табамыз.

ІІ. Оқушыларға дара және күрделі сын есімдер жайлы түсінік беру.
Сын есім дара және күрделі болады.
Дара сын есім бір сөзден тұрады: көк, қою, ақ, қоңыр.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады:
ақ сары, көк ала, қызыл ала.
Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек - бөлек жазылады.
Оқулықпен жұмыс
Қаз - суда жүзетін құс. Оның мойны ұзын, аяғы қысқа, қызыл немесе қызғылт сары түсті болып келеді. Олар маңғазданып, аяғын теңселе басады.
Украинада арқасы мен мойны қара сұр, омырауы ақшыл сұр, құрсақ жағы ақ қаздар да кездеседі.
20 – жаттығу
Бір - біріңе түсіндіре отырып, дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге айналдырып жаз.
Ақ, қоңыр, боз, торы.

“Менің бағытым” ойыны
1. тəтті -------------- жар
2. тік ---------------- адам
3. тегіс ------------- қант
4. суық ------------- қоян
5. сұр ---------------- су
6. ақылды ---------- жер

21 – жаттығу
Берілген күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Қызыл ала, қара көк, сары ала, көк ала.

Сергіту сәті.
Мына мен тұра сала төсектен,
Жаттығатын спортшы деп есепте.
Бір, екі, үш,
Бұлшық етте, міне, күш!
Төрт, бес, алты,
Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,
Созыламыз, керілеміз сәкідей.

22 – жаттығу (ауызша)
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейтіп кеп тұрады.
Сын есімдерді тауып, олардың дара немесе
күрделі екенін дәлелде.

23 - жаттығу
Суретке қарап әңгіме құрастырып жаз. Әңгімеде
күрделі сын есімдерді пайдалануды ұмытпа.

ІІІ. Қорытынды.
Сонымен балалар, біз сын есім атты сөз тобын толық меңгердік деп ойлаймын. Оған бүгінгі сабақта танытқан белсенділіктерің, тапқырлықтарың, алғырлықтарың дәлел болды.
• Сын есім дегеніміз не?
• Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?
• Күрделі сын есімге мысал келтір.
• «Сиқырлы сандар» ойыны

ІҮ. Оқушылар білімін бағалау.
Ү. Үйге тапсырма
13 703
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есім
Сын есім
Сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы дара және күрделі сын есімдерді ажырата білу;
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Семгалиевна Баршагул
Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау. Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×