Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

29 сәуір 2019, Дүйсенбі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: 1. Сын есім сөздерін, теңеу сөздерді қолданып, сурет бойынша көркем мәтіндер құрастыра білу.
2. берілген тапсырмалар бойынша салыстыру, талдау, жинақтау тәсілдерін қолдана білу, өз күшіне деген сенімділігін арттыру.
3. Сын есім мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кесте, суреттер.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 161 - бет 4 - жаттығу.

ІІІ. Өткен сабақты қайталау: Оқушылар заттың сынын білдіретін сөздерге мысалдар келтіреді.. Ол сөздерден сөйлем құрастырады. Заттың сынын білдіретін сөздің қандай сөзбен байланысып тұрғанын табады.

ІУ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
Заттың сынын, түрін, түсін білдіретін сөздер туралы бірінші сыныпта
алған білімдерін еске түсіру, толықтыру.

У. Жаңа сабақ: 1 - жаттығу. Мәтіннің мазмұны талданады. Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып үлгі бойынша жазу
2 - жаттығу. Жаңылтпашты тез, дұрыс айту арқылы балалар тілдерін жаттықтырады. Мазмұны талқыланады. Ол жерде заттың түсін білдіретін сөздерді табады. Жасыл сөзі заттың түсін білдіріп тұр, ал жібек сөзі заттың неден жасалғанын, сапасын көрсетіп тұр. Сапасын білдіретін сөздерге мысалдар келтіруін сұрау. Осындай жұмыстардан кейін, балаларға заттың түрін, түсін, сапасын т. б білдіретін сөздерді сын есім деп аталатынын айту керек.
3 - жаттығу. Өздік жұмыс.
4 - жаттығу. Балалар өз аналарын сипаттап мәтін құрастырып жазады. Ана туралы әр түрлі сипаттарды тақтаға жазу. Сонда балалар аналарының барлық қасиетін ашу үшін сын есімдерді қолданатындарын байқайды. Сын есім сөздері сипаттау, теңеу үшін қолданылатынын ұғынады.

У. Сабақты бекіту: Сын есімнің ережесін сұрап, Мысалдар келтіру.
Сын есім
Заттың түрін, түсін білдіреді - ақ, көк, сары, әдемі т. б.
Заттың дәмін білдіреді - ащы, тәтті т. б.
Заттың сапасын білдіреді - жұмсақ, қатты, ауыр т. б.

УІ. Сабақты қорытындылау: Кестелер арқылы алған білімін пысықтау
Өткен материалдар бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алу.
УІІ. Оқушылар білімін бағалау, күнделіктеріне қою.
УІІІ. Үйге тапсырма беру:
163 - беттегі 5 - жаттығу.
Сын есім жүктеу
2 301
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге, сөз ішінен таба білуге үйрету; Балалардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттері дамыту;
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Сын есім
Сын есім
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, № 31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі Саулембаева Салтанат Жандарқызы
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×