Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

18 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Ауызекі және жазба тілін дамыту, сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
3. Адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: тірек - сызба, сюжетті суреттер, кеспе қағаз, интерактивті тақта, слайд
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, бірін - бірі бағалау, көрнекі, талдау, салыстыру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлағың не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Екі аяғың ше?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

Өзімізге шолу
1. Бүгінгі күн туралы не білеміз?
2. Мектебің қалай аталады?
3. Өз сыныбың туралы не айтқың келеді?
4. Ұстазыңның аты - жөні кім?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткенді білмегеннің - ертеңі болмайды
- Сын есім дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көркем жазу
Сс Сс
Сегіз, он екі
Дәптермен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
Жұмбақты шеш
Үсті толы ине,
Бірақ та, іс тігіп,
Қадамайды түйме.
(кірпі)

462. Мәтінді оқып, сан есімдерді тап.
463. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.
6 бақан, дер5, 9құмалақ, с10а, 4бақ
Сөздік жұмысы
Төртбақ - Балуан бiтiмдi, төртбақ келген, бурыл тартқан қою бұйра шашты жiгiт ағасы
Сергіту сәті
«Он саусақ»

464. Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр.
Неше?--------------
Нешінші?----------------------
(Жиырма екі, тоғыз, жетпісінші, сегіз, оныншы, елу, сегізінші).

465. Сызбадағы сөз таптарының өзгешелігін дәлелде

Жұмбақтар
1. Бір алаша төселген,
Екі ауылды жалғайды.
Өмірінде еш адам
Оны жинай алмайды.

2. Бір үйім бар ақ тас,
Есігін ешкім таппас.

3. Үш - төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар.

«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
Мақал - мәтелді жалғастыру.
Білекті.... жығады, білімді.... жығады.
Ер жігіттің..... сөйлегені өлгені.
3.... ала болса, ауыздағы кетеді.
... атасын білген ер,.... жұрттың қамын жер.

Киелі сандарды білесің бе?

Қорыту
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есімнің сұрақтары қандай?

Бағалау
Үйге тапсырма
3 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы түсінік беру, сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөздер екенін түсіндіру, бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру.
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жумагалиева Роза Матжановна
Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату. Шылау туралы білімдерін толықтыру, ойын жинақтай білуге дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×