Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімді қайталау

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталау. (презентациясымен)
Мақсаты: 1) Оқушыларға сан есім туралы алған білімдерін пысықтату, өткен сабақтан алған ұғымдарын кеңейту.
2) Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу аясын кеңейту, сөз таптарын ажырата білу қабілетін дамыту, сөйлем құрастыра білу дағдысын жетілдіру, танымдық, белсенділік қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3) Ұжымшылдыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақтаны пайдалану, суреттер, карточкалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!- ендеше, балалар 12 мүшелерін сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

II. - Қане, бәріміз интерактивті тақтаға назар аударайық!
Тақтада ағаштардың суреттері мен олардың неше жыл өмір сүретіндігі жазылған. Ауырған ағашқа көмектесу.
Бүгінгі күннің жадын жазып өткен сабақты еске түсірейік.

III. Өткен тақырыпты пысықтау.
1) Сан есім дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
Дара, күрделі, есептік, реттік түрлерін еске түсіру ережелерін сұрау мысал келтіру.
2) Сөз таптары дегеніміз не? Мысал келтір.
Топқа бөліну, әр топ сөз таптарын атайды.

IV “Көркем жазу “ минуты.
Сс са си су
Сегіз қырлы, бір сырлы - сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру.

V. Оқулықпен жұмыс. Терме диктант. 1 - жаттығу.
Сегізбай, сегіз, алтын, алты, тоқсандық баға, тоқсан, жүзгіш, жүз
бір, қырықтық, қырық, Елубай, елу.

VI. Интерактивті тақтамен жұмыс. Берілген сөздерді топқа бөліп жазу.
1 - топ. Есептік сан есімдерді теріп жазу.
2 - топ. Реттік сан есімді теріп жазу.
3 - топ. Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.

VII. Шығармашылық жұмыс. Сан есімнің түрлеріне сөйлем құрау.

1 - топ. Дара сан есімге сөйлем құрау.
2 - топ. Күрделі сан есімге сөйлем құрау.
3 - топ. Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімге сөйлем құрау.
Сергіту сәті.
3 - жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып, сан есімдерді сызу.
Қос – екеу.
VIII. 4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
IХ. Сөз таптарын топтастыру
Етістік, Сан есім, Сын есім, Зат есім.

Х.“ Ребус шешу”
2бастұз

ХI. Рефлексия. Балалар сабақ ұнады ма? Сендер алға қойған мақсаттарыңа жеттіңдер. Жақсы жұмыс жасап ағаштың діңіндегі құрттарды жойдыңдар. Сендерге емен ағашы өз ризашылығын білдіруде.
ХII. Қорытынды.
- Қане балалар, сабақтың соңында әрқайсымыз бір - бірімізге жүрегімізден шыққан тілектерімізді білдірейік!
ХIII. Бағалау.
ХIV. Үй тапсырмасы. 5 - жаттығу. 192 бет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 929
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы түсінік беру, сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөздер екенін түсіндіру, бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру.
Сан есім
Сан есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елмуратова Маржан
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жумагалиева Роза Матжановна
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату. Шылау туралы білімдерін толықтыру, ойын жинақтай білуге дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×