Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фариза Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі. 4 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»
Сабақтың мақсаты.
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлең авторы Фариза Оңғарсынова туралы мәлімет беру және өлең мазмұнын ұғындыру, талдау әрекетін жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: өз ата - аналарына деген сүйіспеншілік сезімін бойларына сіңіру, сыйлауға тәрбиелеу.
Жаңа технология: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.
Психологиялық тренинг. «Жылы лебіздер» тренингі жүргізіледі (өйткені жаңа сабағымыз жақсы тілектермен байланысты). Оқушылар дөңгелене тұрып «сиқырлы таяқшаны» бір - біріне ұсынып жылы тілектерін айтады. «Гүлдана, сенің даусың әдемі», «Тілек, сенің шашың керемет жарасып тұр» т.с.с.

Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге» ойыны. Бата айту жарысын ұйымдастыру.
1. Мал - бастың амандығын тілейтін бата.
2. Қауіп - қатерден сақтайтын сөз.
3. Дастарханға берілетін бата білесің бе?
4. Н. Айтов. «Алтын сөз» өлеңін жатқа айтып бер.
5. Батаның мал сойғанда айтылатын түрі.
6. Жолға шығарып салу үлгісі.
Оқушы жауаптарын қорытып, жинаған ұпайларын есептеу. Тиянақты дайындалған оқушыларды ынталандыру.
Жаңа сабақ.
- Балалар, соңғы сабақтарда қандай шығармалармен таныстық? Олардың ұқсастықтары қандай?
- Ана тақырыбында жазылған шығармалармен таныстық.
- Өз өлеңдерін анаға арнап жырлаған ақынның бірі - Фариза Оңғарсынова. Бүгін ақынның «Қанат туралы хикая» өлеңімен танысамыз. Дәптерге күн реті мен тақырыпты дұрыс жазайық.
Автор туралы мәлімет беру, топтастыру сызбасына түсіру.

Фариза Оңғарсынова
1939 жылы 25 желтоқсанда туған. Атырау облысы, Исатай ауданында өскен. Қазақтың дарынды ақыны, көптеген өлең кітаптарының авторы. «Қанат туралы хикая» 1988 жылы «Алғашқы сабақ» жинағына енген

Қызығушылықты ояту.
а) «Киндер сюрприз» қорапшасы әкелінеді. Қорапшадан жұмбақ жазылған қағазды алып бір оқушы оқиды.
Барлық жемін бітеулей асайды,
Әйтсе де ұзақ жасайды.
Ол не? (Құс)

ә) Жұмбақ шешіміне сәйкес тақтаға сурет іліп, оның тақырыппен байланысын ашу.
- Балалар, суреттен нені байқадыңдар?
- Қарлығаш ұядағы балапандарына келеді.
- Қарлығашқа зер сала қараңдаршы, қалай ұшып келеді?
- Екі қанатын жазып ұшып келеді.
- Енді ойланайық, осы суреттің, жұмбақтың өлең тақырыбымен қандай байланысы бар екен?
Алдымен өз ойларын «Жұпта талқылап» алады.
- Қанат деп құстың қанатын айтып тұр.
- Дұрыс айттыңдар, балалар. Бұл өлең ата - ана мен бала туралы жазылған. Балапанның анасы - қарлығашты адамның қос қанаты - ата - анамен байланыстырып, оларсыз балалардың өмір сүре алмайтындығын түсінсе дейді ақын. Балапан қанатын «қанат» деп тура мағынада қолданса, ата - ананы «қос қанат» деп балама мағынада қолданып суреттейді.

Мағынаны тану.
Өлеңді мәнерлеп нақышына келтіре оқитын оқушыларға оқыту. Кезектестіріп оқыту.
«Авторлар мен оқырмандар» стратегиясы.
Оқушылардың бір тобы - авторлар, келесі тобы - оқырмандар болып мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар қойып жауап береді.
- Өлең не туралы?
- Балапан, ата - ана, бала туралы.
- Балапанға не болды?
- Ұясынан құлап қанатын сындырып алды.
- Балапанға көмек берілді ме?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 567
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қанат туралы хикая
Қанат туралы хикая
Фариза Оңғарсынованың өлеңіндегі негізі ойды, идеяны ұғындыру. Ата - ана мен бала арасындағы махаббатты, ата - анаға тілеген ақ тілегінен балаларға өз ата - анасынан ең жақын, ең қасиетті адам жоқ екендігін түсінуге мүмкіндік беріледі.
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Қанат туралы хикая. Фариза Оңғарсынова
Қанат туралы хикая. Фариза Оңғарсынова
Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
"Қанат туралы хикая" Фариза Оңғарсынова
"Қанат туралы хикая" Фариза Оңғарсынова
Атырау қаласы, Амангелді селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Қанат туралы хикая
Қанат туралы хикая
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №220 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Үмбетова Мәдина Әмірханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×