Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фариза Оңғарсынова "Әже"

30 шілде 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Әже. Фариза Оңғарсынова.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Фариза Оңғарсынованың өмірі шығармашылығымен таныстыру. Ең қымбат адам – әже екендігін түсіндіріп, оның мейірімі мен жақсылығын түсіну, үлкенді, қарттарды сыйлай білу.
Дамытушылық: Сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, қиялын, өз әжесіне, отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, мейірімділікке, әжені сыйлауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндірме, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, құрал – жабдықтарын түгендеу, сабаққа әзірлеу, зейіндерін аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді.
 Ф. Оңғарсынованың Жылу өлеңін жатқа айту
 Ана туралы эссе жазып келу
 Ана туралы мақал - мәтелдер жаттап келу

ІІ. Өлеңді жатқа сұрау.
Психологиялық дайындық.
Күннің шуағы - жылы Ананың құшағы - жылы.
- Қане, есімізге түсірейікші бұл не?

Мақал - мәтел
Біздің өтіп жатқан тарауымыз «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» деп аталатынын білесіңдер. Бүгінгі сабақта біз Фариза Оңғарсынованың аналарымызға арналған «әже» атты өлеңімен танысамыз. Мақсатымыз біз үшін қымбат адам – әже екендігін түсініп, оның мейірімі мен жақсылығын түсініп оған қамқор болу.

Кіріспе сөз:
(Интерактивті тақта арқылы Фариза Оңғарсынова жайында суреттер көрсетіледі.)
Фариза Оңғарсынова 1939 – жылдың 25 - желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 - жылы педагогикалық институтты бітіріп, мұғалімдік қызметті атқарып, газеттерде тілші, журналдың бас редакторы болған. Бүгінде ол халық жазушысы, парламент депутаты болған адам. 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті.
Еңбектері: «Сөз сыры», «Дауа» т. б.

Тірек сызбамен жұмыс.
- Балалар, айтыңдаршы, әже деген кім? Ол қандай жан?
 Мейірімді жан
 Қадірлі жан Сүйікті адам
 Жылылықтан жаралған Үйге қуаныш сыйлайды
 Ең қымбат адам
 Тәттісін біздер үшін тығады
 Әкеміздің анасы

Оқулықпен жұмыс:
Бүгінгі сабақта «әже» атты өлеңімен танысамыз.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
2. Оқушыларға тізбектей оқыту.

Ү. Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті Әже туралы ән
Поэзия минуты Өлеңді жатқа айту
Көрініс әже мен немере
Шығармашылық тапсырма
Өлеңді ұйқасына қарай аяқтап құру
 Менің әже
 Тақырыбында эссе жазу

Сабақты қорытындылау:
Әжемді тыңдағаным,
Өзімді танығаным.

Үйге тапсырма: Ф. Оңғарсынованың «Жылу» атты өлеңін жаттау, өмірі жайында оқу, мақал – мәтелдер жаттау.
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 096
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ф. Оңғарсынова Әже өлеңі
Ф. Оңғарсынова Әже өлеңі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Ф. Оңғарсынова өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру. «Ана» туралы өлеңді пысықтап, «Әже» өлеңімен таныстыру. Әжелерге деген құрметін, сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге, әжені сыйлай білуге
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мқғалімі Жанкеева Нұргүл Жауынбаевна
"Әже"  Фариза Оңғарсынова
"Әже" Фариза Оңғарсынова
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай №3 орта мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Шонтыбаева Гүлшара
"Жылу" Фариза Оңғарсынова
"Жылу" Фариза Оңғарсынова
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×